AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыдағы әскери госпиталь инфекциялық стационар...

Алматыдағы әскери госпиталь инфекциялық стационар ретінде науқастарды қабылдайды

Медицина 30.07.2021, 18:18 2,243
Алматыдағы әскери госпиталь инфекциялық стационар ретінде науқастарды қабылдайды
Сурет: Іnform.kz

Стационар 150 науқасқа арналған, бұл ретте медициналық мекемеде соматикалық патологиясы бар әскери қызметшілерді, сондай-ақ әскери-дәрігерлік және дәрігерлік-ұшқыштар сараптамасын жүргізу үшін 100 орын сақталады.


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, коронавирустық инфекциямен аурудың ұлғаюына байланысты Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар ретінде өрістетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 Қалыптасқан жағдайда әскери дәрігерлер азаматтарды госпитальға жатқызу және білікті медициналық көмек көрсету үшін қолда бар ресурстарды жұмылдырды.



«Біздің әскери госпиталь екінші эшелонға жатады. Сондықтан инфекциялық стационарға орташа ауыр және ауыр науқастар жатқызылатын болады. Жеке құрам бұл жағдайға дайын. Біздің медициналық персоналдың коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу ісінде тәжірибесі бар. Ол үшін бізде ӨЖЖ және гемодиализ аппараттарымен жабдықталған реанимация бөлімшесі, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмек бар», – деп түсіндірді Алматы қаласындағы әскери клиникалық госпиталь бастығының міндетін уақытша атқарушы, медицина қызметінің подполковнигі Абдували Палтушев.



 2020 жылғы сәуірден бастап азаматтық тұрғындарға көмек көрсету үшін әскери госпиталь дәрігерлері екі рет тартылғанын естеріңізге сала кетейік. Нәтижесінде 1 430 адам, оның шамамен 30 %-і ауыр және асқынған деңгейдегі пациент емделіп шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Госпиталь #стационар #кви #инфекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);