AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы: Адам...

Алматыдағы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы: Адам өмірі - ислам дінінің басты құндылығы

Әлеумет 01.08.2021, 13:45 1,857
Алматыдағы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы: Адам өмірі - ислам дінінің басты құндылығы
Сурет: Nevrozovnet.ru

Аурудың алдын алу өте маңызды.


Алматы қаласы Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Серікхан Ахмадиев медицинаға деген сенім исламның негізгі ілімдерінің бірі екенін айтты. Ол - денсаулыққа немқұрайлы қарайтындарға қарсылық білдіретін дін қызметкерлерінің бірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Серікхан Ахмадиевтің айтуынша, бүгінгі күн бүкіл әлем үшін оңай емес екенін, денсаулық пен өмірді сақтау мәселелерінде сенушілерді парасаттылыққа, ғылыми зерттеулерді басшылыққа алуға шақырады.




«Аурудың алдын алу өте маңызды, әсіресе, жұқпалы аурулар тараған уақытта барынша тиімді шаралар жасалуы міндет. Ислам қайраткерлері жұқпалы аурулар тараған кезде халықты сақтап қалу үшін ұтымды әрі батыл қадамдарға барғаны баршамызға мәлім. Шариғатымызда адам өмірінің құндылығына  аманат ретінде қарау бірнеше рет айтылған. Осы қиын уақытта вакцина арқылы аурудың алдын алу - тиімді жолдардың бірі», – дейді Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Серікхан Ахмадиев.



Айта кетсек, ислам дінінде: «Ол қорқатын аурудың алдын алу үшін дәрі қабылдауда ешқандай мәселе жоқ», – делінген. Сондай-ақ қалада немесе кез келген басқа жерде эпидемия (ауру) туралы алаңдаушылық болса, онда оған қарсы вакцина жасау тиімді екенін медицина мамандары айтуда. Бұл - адамның басына түскен ауруды емдеу жолы.


Шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру - әр азаматтың өз еркі екенін ғалымдарымыз мәлімдеуде.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін вакцинадан өтуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#COVID-19 #кви #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);