AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Алтын орда» базарында тағы шу шықты

Алматыдағы «Алтын орда» базарында тағы шу шықты

Әлеумет 26.04.2022, 14:15 1,164
Алматыдағы «Алтын орда» базарында тағы шу шықты
Сурет: Yandex.kz

Базар құрылтайшысы 21 сәуірде ауысқан. 


"Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз май шелпекке айналды". Президент дәл осылай деп сипаттаған «Алтын орда» базарында тағы шу шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


800-дей кәсіпкер қаражат құйған сауда орны әлі ашылмаған. Одан бөлек, базар әкімшілігінің аяқ асты ауысқаны мәселені одан әрі ушықтырған көрінеді. «Жаңа нысан ашылғанша тауармен ары-бері көшіп, берекеміз кетті» деген кәсіпкерлер құрылысы бітпеген сауда кешенінен орын сатып алған. Олардың айтуынша, базардың жаңа әкімшілігі аумағы 30 мың шаршы метр болатын нысан саудагерлерге берілмейді.  



«Амалсыздан бар ақшамызды жинап, осы жерден 12 мың доллардан 2 орын алдым. 20 мың долларды қолма-қол бердім, қалған 4 мыңын бөліп төлеуім керек еді», – деді саудагер Гүлбану Татыбаева.



Екі қабатты сауда орталығының құрылысы 2 жыл бұрын басталған. Ал оған саудагерлер бірігіп жинаған 4 миллиард теңге жұмсалған.



«Бас прокуратура тарапынан бізде 2 ай тексеру болды. Соған байланысты жұмыстың режимі шегерілді. Осы мамырда біту керек болған, бірақ осындай себептермен құрылыс жұмысы тоқтап қалды», – деді «Алтын орда» базары бұрынғы әкімшілігінің өкілі Дәулетжан Дименбаев.



Базардың бұрынғы әкімшілік өкілінің сөзінше, құрылтайшы 21 сәуірде ауысқан. Ал базардың жаңа басшылығы құрылыс жұмысының 90 пайызға дейін аяқталғанын алға тартып, сауда кешенінің жұмысы жуырда басталатынын айтты. Кәсіпкерлерге орын берілмейді деген сыбысты жоққа шығарды.



«Бұл - провокация. Ондай нәрсе болмайды. Бұл жерде халықтың еш кінәсі жоқ. Халық тіршілік етем деп сауда орнын алды, біз береміз. 1,5 айда аяқтап, кешенді ашамыз», – деді «Алтын орда» базары әкімшілігінің басшысы Ермек Марқабаев.



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Алтын Орда» базарының мәселесіне тоқталып, тәртіп орнатуды тапсырған болатын.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Базар #Алматы #шу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);