ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінің элект...

Алматыдағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінің электрмен жабдықтау мәселесі қалай шешіліп жатыр

Алматы 15.08.2025, 12:56 577
Алматыдағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінің электрмен жабдықтау мәселесі қалай шешіліп жатыр
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Әңгіме барысында олар инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Әңгіме барысында олар инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты мәселелерді көтерді.

2020-2021 жылдары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл кешенде 127 көпқабатты үй салынды. Алайда электр желілері әлі күнге дейін қызмет көрсетуші ұйымдардың балансына берілмеген. Соның салдарынан 2025 жылдың басынан бері 30-дан астам апат болып, жиі ақаулар орын алған. Бұл апаттар су сорғы қондырғыларының жұмысына да кедергі келтіріп отыр.

«Мен энергетика және сумен жабдықтау басқармаларына, сондай-ақ құрылыс басқармасына желілерді үш жыл мерзімге толыққанды қызмет көрсету үшін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ балансына беруді тапсырдым. Бұл үдерісті жеделдету қажет», – деді Алматы әкімі. Бұл мәселені биылғы қыркүйекте шешу жоспарланып отыр. Сонымен қатар әрбір есептегіш құралын тексеруді қоса алғанда, кешенді тексеру жүргізіледі.

Тұрғындар әлеуметтік инфрақұрылымның да жайын айтты. Биыл бес жаңа мектеп пен үш балабақша ашу көзделген. Жақын күндері №202 балабақша пайдалануға беріледі. Бұған қоса, Наурызбай ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған түзету орталығы және басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарда бар.

Кездесу барысында полицияның тірек пунктін орнату және учаскелік инспекторлар санын арттыру жөнінде де ұсыныс айтылды. Әкім полиция департаментіне кешен аумағында тірек пунктін ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.