AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы әлеуметтік бейімдеу орталығын 185 адам...

Алматыдағы әлеуметтік бейімдеу орталығын 185 адам паналап отыр

Әлеумет 11.01.2023, 17:00 1,017
Алматыдағы әлеуметтік бейімдеу орталығын 185 адам паналап отыр
Сурет: Almaty.tv

Олар мекемедегі алғашқы күні карантинге жатқызылады.


Оңалту орталықтарында орын тапшы. Алматыдағы Әлеуметтік бейімдеу орталығын қазірдің өзінде тұрақты мекені жоқ 185 адам паналап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Мекеме қызметкерлері олардың саны қытымыр қыстың аязды күндеріне байланысты әлі де арта түсетінін айтады. Одан бөлек, барар жері, басар тауы қалмай, көше кезгендер қатарының көбеюі де себеп болған көрінеді.


Әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері дәл осы көлікпен қаланы күнделікті аралап, панасыздар кездессе, оларды тиісті мекемеге жеткізіп отырады. Тұрақты мекені жоқтар да, әсіресе, аязды күндерде мамандардың ұсынысына бірден келісе кетеді. Себебі олар да жылу іздейді. Алайда дегенінен қайтпай, бас тартып жататындардың да барын орталық қызметкерлері жоққа шығармады.


«Оларға көшеде өмір сүру образы ұнап қалғандықтан... Біздің орталықта ішімдік ішуге, біреумен төбелесуге, ұрыс-керіс шығаруға тыйым салынған. Сондықтан көшеде қалып, ішіп жүре бергенді жөн көретін адамдар бар», – деді психолог Жұлдыз Әлмағанбетова.


Қаланың әр бұрышынан әкелінген панасыздар мекемедегі алғашқы күні карантинге жатқызылады. Төрт уақыт ыстық тамақпен, таза киіммен, төсек-орынмен қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, келгендердің барлығы өзі туралы бірер ақпар беріп, психологиялық көмек алады.


Панасыз қалған жандар бұл орталыққа жеткізілгеннен кейін міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Қызметкерлердің айтуынша, мұнда жеткізілген адамдардың көбінде үсік алу, іріңдеу сынды түрлі дене жарақаты анықталып жатады.


Мекеме басшылығының сөзінше, мұнда ешкімді мәжбүрлеп ұстамайтындықтан, баяғы әдетіне басып, орталықтан кетіп қалатындар да баршылық. Алайда өмірін өзгертуді қалайтындардың саны да аз емес көрінеді.  Мысалы, орталықты 1 жылдан астам уақыт паналап жатқан Махаббат Қайдарованың тағдыр тәлкегіне түспес бұрын жоғары білімі мен жеке кәсібі болған.



«Жұбайымның өлімі ауыр соққы болды. Оны емдеу үшін несие мен қарызға баттым. Шығын да көбейді. Ал барлығын қайтаруға қаражатым былай тұрсын, мүлкім де жетпеді. Содан үйімді саттым. Дымсыз далада қалдым», – деді қызмет алушы Махаббат Қайдарова.



Мекеме қызметкерлерінің сөзіне сенсек, «қаңғыбастар» қатарына қосылғандардың дені - ішімдіктің кесірінен барынан айырылғандар. Айта кетсек, Әлеуметтік бейімдеу орталығында шамамен 200 адамға орын бар.



«Күннің суытуына байланысты қызмет алушылар саны күнделікті өсіп жатыр. Былтырғы жылы біздің орталықтан, статистика бойынша, 927 адам қызмет алып шыққан. Келгені бар, кеткені бар. Шығады, келеді. Орнына басқалары келіп жатады», – деді «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Болат Айтмұрзаев.



Мекеме директорының сөзіне сенсек, орын тапшылық мәселесін шешу мақсатында бүгінде 140 адамға арналған тағы бір орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Яғни, жақын арада мына мекемені пана еткендердің бір бөлігі сонда көшуі мүмкін.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет #Бейімдеу орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);