AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жыл соңына дейін экологиялық Жол картасы...

Алматыда жыл соңына дейін экологиялық Жол картасы аясында алты іс-шараны аяқтау жоспарланып отыр

Алматы 15.07.2026, 14:29 343
Алматыда жыл соңына дейін экологиялық Жол картасы аясында алты іс-шараны аяқтау жоспарланып отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков мегаполистің экологиялық мәселелерін кешенді шешуге бағытталған Жол картасының іске асырылу барысы туралы баяндады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Жол картасына қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған тоғыз іс-шара енгізілген. Бүгінгі таңда олардың екеуі ішінара орындалған, алтауы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бір іс-шара белгіленген мерзімде орындалмай, қазіргі уақытта іске асырылу барысында.

«Жол картасындағы барлық іс-шаралар қалаға түсетін экологиялық жүктемені кезең-кезеңімен азайтуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған», – деді Дінмұхамед Лесбеков.

Негізгі бағыттардың қатарында жылу-энергетика кәсіпорындарының шығарындыларын азайту, автокөліктерден бөлінетін ластаушы заттарды қысқарту, қаланы сапалы көгалдандыру, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ауа айналымын сақтау және атмосфералық ауаның сапасына тұрақты мониторинг жүргізу бар.

Сонымен қатар, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында табиғат пайдаланушылар табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға 1,25 млрд теңгеден астам қаражат бөлуді көздеген. Оның ішінде 453 млн теңгеден астамы игерілді.

«Жол картасы мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, сарапшылар қауымдастығы мен жұртшылықтың бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылып жатыр. Мұндай тәсіл Алматының экологиялық мәселелерін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол картасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);