конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айы...

Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін

Алматы 06.04.2026, 14:34 344
Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін
ашық дереккөз

Алматыда жүргізушілер күтпеген жерден айыппұл арқалауы мүмкін. Қалада «STOP бұзушылық» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жасырын патрульдеу тәсілі енгізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Енді патрульдік полиция қызметкерлері арнайы белгілері жоқ автокөліктермен, азаматтық киімде жалпы көлік ағыны ішінде жүріп, жолдағы жағдайды бақылайды. Бұл тәсілдің басты мақсаты – жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау.

Әсіресе агрессивті жүргізу деректеріне баса мән берілуде. Олардың қатарында күрт жолақ ауыстыру, «шахмат» тәсілімен жүру, өзге көліктерді қысып өту және жолда апатты жағдай туындату секілді әрекеттер бар.

Мұндай құқық бұзушылықтар тіркелген жағдайда, жасырын патруль қызметкерлері ақпаратты бірден жақын маңдағы полиция экипаждарына жолдайды. Кейін патрульдік полиция көлікті тоқтатып, жүргізушіні заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартады.

Полицияның мәліметінше, бұл тәсіл қазірдің өзінде нәтижесін бере бастаған. Тек өткен демалыс күндері Алматыда агрессивті жүргізудің 28 фактісі анықталып, жолы кесілген. Барлық құқық бұзушы жауапқа тартылған.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жасырын патрульдеу жүргізушілердің тәртібін бақылауды күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе қауіпті маневрлер мен агрессивті жүргізу салдарынан болатын апаттарды азайту көзделіп отыр.

Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың сөзінше, бұл тәсіл көзге бірден байқала бермейтін өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі. Оның айтуынша, басты мақсат – тек айыппұл салу емес, жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);