AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін...

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Алматы 03.04.2026, 15:59 483
Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Алматыда 6-7 сәуір күндері «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» атты экологиялық акция өтеді. Оның аясында қала тұрғындары өз көлігін экологиялық талаптарға сәйкестігі бойынша тегін тексере алады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ауа сапасын жақсарту және жүргізушілердің экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» атты арнайы акция ұйымдастырылады.

Іс-шараны «Eco Almaty» ЖШС өткізеді. Акция барысында қала тұрғындары өз автокөлігін экологиялық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тегін тексерте алады.

Тексеру кезінде мамандар көміртек оксидінің (CO) деңгейін және пайдаланылған газдардың түтіндену көрсеткішін өлшейді. Барлық жұмыс мобильді экологиялық зертхана арқылы жедел жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тексеру толықтай тегін өтеді және оның қорытындысы бойынша жүргізушілерге қатысты ешқандай әкімшілік шара қолданылмайды.

Акцияның негізгі мақсаты – көлік иелерін автокөліктің техникалық жай-күйі туралы хабардар ету, сондай-ақ шығарындыларды уақытылы бақылаудың маңызын түсіндіру.

Аталған шара Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында өткізіліп отыр. Бұл бастама автокөлік шығарындыларын ауа ластайтын негізгі көздердің бірі ретінде азайтуға бағытталған.

Акция 2026 жылғы 6-7 сәуір күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Мекенжайы: Чаплыгин көшесі, 1/1, автотұрақ аумағы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);