AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жол қозғалысын цифрлық басқару жобалары п...

Алматыда жол қозғалысын цифрлық басқару жобалары пайда болуы мүмкін

Алматы 08.04.2026, 10:06 424
Алматыда жол қозғалысын цифрлық басқару жобалары пайда болуы мүмкін

Алматыда көлік легін талдап, жол қозғалысын тиімді үйлестіруге бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу жоспарланып отыр. Тиісті меморандумға 7 сәуір күні өткен «Алматы – Шанхай» бизнес форумы аясында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, «IntegraConstruction KZ» ЖШС және Шанхай институты арасында қол қойылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған келісім көлік жүктемесін төмендетуге, жол желісінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қаланың жол инфрақұрылымын басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

Басты бағыттардың қатарында көлік санын сараптау, цифрлық құралдарды кеңінен енгізу және қалалық трафикті басқарудың заманауи шешімдерін әзірлеу мәселелері қамтылған.

Айта кету керек, бұл бизнес форумға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун Чжэн қатысты. Кездесу барысында тараптар екі мегаполис арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын, соның ішінде көлік, цифрландыру және орнықты даму бағыттарын талқылады.

Алматы мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс жыл санап нығайып келеді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 20 пайызға артып, 9,5 миллиард АҚШ долларына жетті.

Алматы цифрландыру саласында көшбасшылық орнын сақтап отыр: елдегі IT-мамандардың жартысынан астамы осы қалада шоғырланған. Бұл жағдай озық технология енгізуге кең мүмкіндік береді.

Сонымен қатар туризм саласы да тұрақты өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қалып отыр. Қазақстанға келетін әрбір екінші шетелдік турист Алматыны таңдайды. 2025 жылы туристер саны 40 пайызға артып, 136 мың адамға жетті.

Форум аясында өткен B2B форматындағы кездесулер іскерлік байланысты нығайтуға және қалалық инфрақұрылым мен экономиканы дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды пысықтауға жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);