AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала қарбалас / Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызм...

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді

Қала қарбалас 23.04.2026, 14:33 219 yakiya
Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді

Алматыда жауын-шашын мен найзағайға байланысты коммуналдық қызмет жоғары дайындық режиміне көшірілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, 23 сәуір күні сағат 15:00-ден бастап жауын-шашын түседі, ал 17:00-ден кейін кей тұстарда нөсер жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

24 сәуірде де жаңбыр, кей жерде нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Ал 25 сәуірде күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Су басу қаупінің алдын алу және оларды жедел жою мақсатында қалалық қызмет тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Атап айтқанда:

- 104 бірлік арнайы техника;

- 74 мотопомпа;

- 12 ассенизаторлық көлік (оның бір бөлігі су басу қаупі бар аймақтарға орналастырылған);

- 425 жол қызметкерінен құралған 75 жедел бригада;

- 2300 дана құм толтырылған қап дайындалды.

Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері де күшейтілген кезекшілік атқаруда. Жалпы қала бойынша тәулігіне 2,7 мыңнан астам жол қызметкері мен 1,2 мыңнан астам техника жұмылдырылған.

Жұмыс тәулік бойы тоқтамайды. Барлық қызмет ауа райының өзгерістеріне жедел әрекет етуге және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауын-шашын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);