AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстар...

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Әлеумет 07.04.2026, 19:38 598
Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Алматыда 2026 жылы 7 сәуірден бастап жасыл желектерді биологиялық дәрілеу маусымы басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жұмыстар ағаштардың жағдайын жақсартуға, олардың зиянкестерге төзімділігін арттыруға және қаладағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары айтты.

Дәрілеу жұмыстары жалпы пайдаланымдағы аумақтардағы шамамен 2,3 млн жасыл желекті қамтиды. Іс-шаралар тиісті лицензиясы бар мамандандырылған мердігер ұйымдардың қатысуымен кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Биыл дәрілеу жұмыстары төрт кезең бойынша ұйымдастырылады:

• 7 сәуір – 30 мамыр аралығы – бірінші кезең;

• 1 маусым – 30 маусым – екінші кезең;

• 5 шілде – 5 тамыз – үшінші кезең;

• 15 тамыз – 20 қыркүйек – төртінші кезең.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жұмыстар негізінен түнгі уақытта жүргізіледі. Бұл күн сәулесінің тікелей әсері болмағандықтан, препараттардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дәрілеу барысында қолданылатын биологиялық және қажет болған жағдайда химиялық препараттар сертификатталған, қауіптілігі төмен және адамдарға, құстар мен жануарларға қауіпсіз.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан жүйелі дәрілеу жұмыстары жоғары тиімділік көрсетіп отыр. Бұл зиянкестер санын азайтып, қалалық жасыл желектердің тұрақты күйін сақтауға ықпал етеді.

Аталған жұмыстар қаланы көгалдандыру және экологиялық ортаны сақтау бойынша кешенді шаралар аясында жүзеге асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасыл желек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);