AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заман...

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Алматы 25.04.2026, 16:42 631
Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Алматыда қалдық өңдеп, электр қуатын өндіретін зауыт салу жобасы құрылыс-монтаж жұмыстарына дайындықтың соңғы кезеңіне жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба Алатау ауданында қытайлық Junxin Environmental Protection компаниясының қатысуымен қолға алынған. Инвестиция көлемі 280 млн АҚШ долларынан асады (шамамен 130 млрд теңге).

Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдық өңдеуге жетеді, қаланың энергетикалық жүйесіне 60 МВт-қа дейін электр қуатын өндіреді.

Қазіргі кезеңде дайындық жұмыстары аяқталды: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен инвестициялық келісім жасалып, қалдық жеткізу және өндірілетін электр қуатын энергожүйеге беру бойынша негізгі келісімдер бекітілді.

Жоба халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келетін заманауи автоматтандырылған газтазарту жүйелерімен жабдықтауды көздейді.

Құрылыс кезеңінде шамамен 700 жұмыс орны ашылады, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 120-ға жуық тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Аталған жобаны жүзеге асыру полигондарға түсетін жүктемені азайтып, қалдық көлемін қысқартуға және оларды қайта өңдеу арқылы қосымша электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 2025 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Junxin Environmental Protection компаниясы арасында Алматы қаласында электр қуатын өндіретін қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойылған болатын. Аталған компания «жасыл» энергетика және қалдық өңдеу саласындағы ірі операторлардың бірі саналады, 455 патентке ие және осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);