AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда жастарға арналған құқықтық квест-марафон...

Алматыда жастарға арналған құқықтық квест-марафон басталды

Алматы құшағында 21.04.2026, 15:33 231 yakiya
Алматыда жастарға арналған құқықтық квест-марафон басталды

Квест-марафонның алғашқы ойыны қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы базасында бастау алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара «Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылып, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау органдары мен жас буын арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған жобаның маңыздылығын атап өтті.

Командалардың алдын ала таныстырылымы өтті: қаланың 10 жетекші ЖОО студенттері өз командаларын таныстырып, креативті көзқарас, ұйымшылдық және өз күшіне деген сенімділігін көрсетті.

Жеребе қорытындысы бойынша квест-марафонды ашу Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Тұмар» командасына берілді.

Квест аясында қатысушылар заңнаманы өмірлік жағдайларда қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Бағдарламаға ситуациялық кейстерді шешу, цифрлық сауаттылық тапсырмалары, сондай-ақ логикалық және командалық сынақтар енгізілді. Мұндай формат теориялық білімді бекітіп қана қоймай, оны тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік берді.

Бұл бастама Қазақстанның болашағы саналатын жастарға бағытталған. Квест-марафон құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жеке жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Алматы технологиялық университетінің «Эверест» командасы жобаның келесі кезеңіне қатысуын жалғастырады. Алдағы ойындардың өткізілуі жастарды кеңінен қамтып, олардың заңнама және құқықтық мәдениет саласындағы білімін арттыруға мүмкіндік береді.

Құқықтық квест-марафонның қорытындысы ағымдағы жылдың қазан айында шығарылады. Алматы қаласында жастарға арналған «Қаладағы заң» құқықтық квест-марафоны басталды.

Іс-шара «Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылып, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығымен ұйымдастырылды. Квест-марафонның алғашқы ойыны қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы базасында бастау алды.

Кездесу барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау органдары мен жас буын арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған жобаның маңыздылығын атап өтті.

Командалардың алдын ала таныстырылымы өтті: қаланың 10 жетекші ЖОО студенттері өз командаларын таныстырып, креативті көзқарас, ұйымшылдық және өз күшіне деген сенімділігін көрсетті.

Жеребе қорытындысы бойынша квест-марафонды ашу Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Тұмар» командасына берілді.

Квест аясында қатысушылар заңнаманы өмірлік жағдайларда қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Бағдарламаға ситуациялық кейстерді шешу, цифрлық сауаттылық тапсырмалары, сондай-ақ логикалық және командалық сынақтар енгізілді. Мұндай формат теориялық білімді бекітіп қана қоймай, оны тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік берді.

Бұл бастама Қазақстанның болашағы саналатын жастарға бағытталған. Квест-марафон құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жеке жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Алматы технологиялық университетінің «Эверест» командасы жобаның келесі кезеңіне қатысуын жалғастырады. Алдағы ойындардың өткізілуі жастарды кеңінен қамтып, олардың заңнама және құқықтық мәдениет саласындағы білімін арттыруға мүмкіндік береді.

Құқықтық квест-марафонның қорытындысы ағымдағы жылдың қазан айында шығарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#квест
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);