AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер...

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Әлеумет 02.04.2026, 13:25 246 yakiya
Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда сәуір айында жастардың спортпен айналысуына, шығармашылық қабілетін дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына бағытталған бірқатар жоба бастау алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Негізгі жобалардың бірі 1-30 сәуір аралығында өтетін ұлттық спорт түрлеріне арналған YOUTH NOMADS фестивалі. Жоба ең алдымен NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ жұмыс істейтін жас буын өкілдеріне бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге шамамен 30 мыңға жуық қатысушы тарту жоспарланып отыр.

«Алматыда 15 мыңнан астам жас базарда еңбек етеді. Біз спорт пен ұлттық ойындар арқылы олардың дамуына, өзара байланыс орнатуына және қаланың белсенді өміріне араласуына мүмкіндік жасаймыз», — деді жоба жетекшісі Қадырбек Файзуллаев.

Бағдарлама аясында қазақша күрес, арқан тарту, қол күресі, асық ату және ләңгі ойындары бойынша жарыс өтеді. Жүлде қоры — 2,5 млн теңге.

Сонымен қатар қалада шығармашыл жастарға арналған Jas Gala фестивалі ұйымдастырылады. Іріктеу кезеңі 11-16 сәуір аралығында вокал, хореография, мобилография, аспапта орындау және актерлік шеберлік бағыттары бойынша өтеді.

«Алматы студенттері альянсы» корпоративтік қорының үйлестірушісі Жұлдыз Жақсыбайдың айтуынша, бұл жоба студенттердің өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін тиімді алаң болмақ.

Сәуір айында ALMA CUP 2026 студенттік турнирі де жоспарланған. Оған 1000-нан астам студент пен 80-нен астам команда қатысады.

«ALMA CUP — бұл тек спорт жарысы емес. Бұл командалық мәдениетті қалыптастырып, көшбасшылық қасиетті дамытуға бағытталған алаң», — деді жоба жетекшісі Ақарыс Төребек.

«Біз жастардың әлеуетін ашуға және олардың бастамаларын қолдауға бағытталған жобаларды ұсынып отырмыз. Жастарға өздері қызығатын бағыттарда дамуына мүмкіндік беру маңызды. Бұл шығармашылыққа да, спортқа да, мәдени құндылықтарға да қатысты. Мұндай бастамалар белсенді әрі жауапты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді», — деп сөзін түйіндеді Азиз Кажденбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);