AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс...

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Әлеумет 18.02.2026, 11:18 495
Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды
фото: автордан

2025 жылы Алматыда жастар саясаты жөніндегі көзделген іс-шаралар 2025–2026 жылдарға арналған жоспар аясында толық орындалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құжат 59 бағытты қамтиды — жұмыспен қамтуды қолдау мен әлеуметтік көмек көрсетуден бастап тұрғын үй бағдарламаларына және жастарға арналған қалалық инфрақұрылымды дамытуға дейін. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастар үлесі 0,6%-ға төмендеп, 2024 жылдың соңындағы 6,4%-дан 5,8%-ға дейін азайды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де 2024 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеп, 4% болды. 2025 жылы 24,4 мың жас жұмысқа орналастырылды. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2024 жылы – 20,1 мың, ал 2023 жылы – 15,6 мың жас жұмыспен қамтылған.

Қазіргі таңда Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 712,3 мың жас тұрады, бұл қала халқының 32%-ы. Оның ішінде 455,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Алматы елдегі ең ірі студенттік орталық мәртебесін сақтап отыр: қалада 35 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 221 мың студент білім алуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);