AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жаңа жазғы ашық аспан астындағы фестиваль...

Алматыда жаңа жазғы ашық аспан астындағы фестиваль басталады

Алматы 03.06.2026, 17:38 118 yakiya
Алматыда жаңа жазғы ашық аспан астындағы фестиваль басталады

Алматыда жаңа жазғы ашық аспан астындағы фестиваль басталады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл жазда «Алатау» дәстүрлі өнер театры музыка, гастрономия және креативті индустрияны біріктіретін жаңа фестивальдік жоба – ALMATY SUMMER FEST өтетін алаңға айналады. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

Жаз бойы мұнда танымал өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар қатысатын Open Air форматындағы концерт ұйымдастырылады. Жоба қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени демалысына арналған жаңа алаң болуды мақсат етеді.

Фестиваль 6 маусым сағат 18:00-де салтанатты түрде ашылады. Бұл кеште Қайрат Нұртас, Луина, Айдана Меденова, ALFA тобы, Ұланғасыр Қами, Аман Ахмет, Arsenaleen, IGIGAI, Akbotiz, DJ Akhmetoff, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетеді.

Концертпен қатар, қонақтар үшін интерактивті аймақ, ойын-сауық алаңы және барлық жастағы келушіге арналған түрлі іс-шара ұйымдастырылады.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, фестиваль қаланың мәдени өмірін дамытуға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және жаз мезгілінде отбасылық демалысқа қосымша мүмкіндік жасауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);