Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет са...

Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Әлеумет Бүгін 15:58 9,092
Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен шығармашылық зиялы қауым өкілдері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен кездесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға депутаттар, әлеуметтанушылар, отандық кино және музей саласының өкілдері, шығармашылық бірлестіктер, медиақауымдастық және креативті ұйымдар қатысты.

Жиын жаңа Конституция жобасына және 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналды. Кездесуде Аида Балаева Ата заң жобасында адами капиталға айрықша мән берілгенін, ал мәдениет пен тарихи мұраны сақтау жаңартылған Конституцияда жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

«Білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше мән беріліп, ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидат деңгейіне көтерілді. Бұл мемлекеттің болашағы табиғи ресурстарға ғана емес, ең алдымен білімді, зияткерлік әлеуеті жоғары азаматтарға сүйенетінін көрсетеді. Сөз жоқ, ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау ұғымдарының алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілуі біз үшін үлкен қуаныш әрі зор жауапкершілік. Сондай-ақ ел азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi екені де анық көрсетілген. Аталған жаңашылдық ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтауға және ұлттық код пен мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады», – деді Аида Балаева.

Медиаменеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Мұхамеджанова жоба заң үстемдігі мен қоғамдық қатысу қағидаттарын күшейтетінін, соның ішінде цифрлық ортадағы азаматтардың құқығын қорғауға кепілдік беретінін айтты.

Отырыста режиссер Талғат Теменов ел үшін маңызды кезеңде әр азаматтың жауапкершілігі арта түсетінін атап өтті.

«Ел тарихында Конституция алғаш рет қазақ тілінде жазылды. Мен осыған қуандым. Екінші қуанғаным, бір палаталы парламент яғни Құрылтайды құру бастамасы болды. Үшінші, президенттің бір-ақ мәрте сайлануы. Ата заңның әр тармағы – қазақтың ертеңі, үміті мен болашағы. Келер ұрпақ үшін бірігіп, референдумға қатысуымыз өте маңызды», – деді ол.

Кино продюсері Жалын Тілеуберген жаңа Конституция жобасы креативті экономика мен креативті индустрияны дамыту бағытын айқындайтынын жеткізді.

«Конституциялық деңгейде сөз бостандығына, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндікке кепілдік беріліп, зияткерлік меншік қорғалса, бұл жас режиссерлер мен актерлер үшін берік тірек болар еді. Басты ресурс – шикізат емес, азаматтардың идеясы, ойы, дарыны мен еңбегі. Ал референдумға қатысу өнер мен қоғам арасындағы байланысты күшейтетіні анық», – деді ол.

Кездесу соңында коалиция мүшелері қатысушылармен пікір алмасып, ойын ортаға салды. Биыл 15 наурыз күні азаматтар жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымын білдіретінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Бүгін 17:22

"Іле Алатауы" МҰТП құрылғанына 30 жыл

Бүгін 17:16

ҚТЖ тарифті көтере алмайтын болды

Бүгін 17:07

Вакцина алмаған балалар сабаққа қатыса алмайды

Бүгін 16:52

Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының мүшелері саяси реформаны қолдайды

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі