AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда зардап шеккен ШОБ өкілдеріне алғашқы өтем...

Алматыда зардап шеккен ШОБ өкілдеріне алғашқы өтемақы төлеу басталды

Әлеумет 27.01.2022, 12:57 1,285
Алматыда зардап шеккен ШОБ өкілдеріне алғашқы өтемақы төлеу басталды
almaty-akshamy.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Өңірлік комиссия шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залал сомасын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Бүгін алғашқы екі кәсіпкерге тәртіпсіздік кезінде келтірілген залал үшін өтемақы төленді. Александр Ткаченко «Мобилка» СҮ ұялы телефондарын сатты. Өзгелердікі сияқты оның бутигі де тоналды және қарақшылар іс жүзінде жойып жіберді. Нәтижесінде кәсіпкер 3,2 млн теңге шығынға ұшырады. А.Ткаченко барлық қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін, оған толық көлемде қаражат аударылды.


Басқа кәсіпкер Аркенжан Мирзабаев «Азия парк» СОСО және «Максима» СОСО 2 бутикті жалға алып, балалар киімін сатты. Тәртіпсіздіктің салдарынан оның бизнесіне 1,8 млн теңге залал келтірілді. Оған да өтемақы қаражаты аударылды.



Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматыда тәртіпсіздік пен тонау салдарынан 1581 кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккен. Шығын сомасы 45,6 млрд теңгені құрайды. Залал сомасын айқындау жөніндегі өңірлік комиссия зардап шеккен объектілер бойынша, оның ішінде жергілікті жерлерге шыға отырып, деректерді жинауды жалғастырады.




Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, қала ШОБ-ке бірнеше бағыт бойынша қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетеді. Осылайша, зардап шеккен бизнес субъектілері жылу, газ, сумен жабдықтау және кәріз бойынша 3 айға коммуналдық шығындардан босатылады. Сонымен қатар, қала меншігіндегі үй-жайларды жалға алатын кәсіпкерлер 6 айға жалгерлік төлемнен босатылады.



Қосымша Almaty Business-2025 қалалық бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге айналым қаржысынн толықтыруға 10 млн теңгеге дейін жылдық 2%-бен 12 айға кепілмен немесе «Алматы» ӘКК ішінара кепілдігімен жеңілдікті заем беріледі.




Сонымен қатар, зардап шеккен кәсіпкерлерге негізгі қарызды өтеу мерзімін кейінге шегеріп, «Алматы финанс» ЖШС мен микроқаржы ұйымдарында 180 күнге дейінгі мерзімге айыппұлдар мен өсімпұлдардан босатады. Несиелеудің ең ұзақ мерзімі жарты жылға, қолданыстағы 7 жылдан 7,5 жылға дейін ұлғайтылды, кепілсіз несиелеу бойынша мөлшерлемелер жылдық 12%-дан 9%-ға дейін төмендетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өтемақы #төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);