AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда заңсыз көші-қонға қарсы күрес шаралары жү...

Алматыда заңсыз көші-қонға қарсы күрес шаралары жүргізілуде

Заң мен тəртіп 22.05.2025, 15:48 812
Алматыда заңсыз көші-қонға қарсы күрес шаралары жүргізілуде
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында көші-қон қызметі жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Өткен тәулікте Түрксіб ауданындағы құрылыс нысандарының бірінде жүргізілген тексеру барысында елімізде заңсыз еңбек қызметімен айналысып жүрген 22 шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Олардың 9-ына тиісті рұқсатсыз немесе виза мен құжатта көрсетілген мақсатына сәйкес келмейтін жұмыс атқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қалған 13 шетелдікке профилактикалық сипаттағы шаралар қолданылып, барлығы Алматы қаласы Полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Қазіргі таңда заң талаптарын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін пайдаланған жұмыс берушілерді жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Осыған ұқсас тексеру Алатау ауданында да жүргізіліп, ғимараттарды жөндеумен айналысып жүрген тағы 9 шетелдік азамат анықталды. Сонымен қатар Наурызбай ауданында жоспарлы іс-шаралар аясында шетелдіктердің уақытша және тұрақты мекенжайлары, сондай-ақ құрылыс нысандары тексерілді. Нәтижесінде жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген 10 азамат анықталып, тиісті рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.

– Біз көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты деректерді анықтау және алдын алу бойынша жұмысымызды жүйелі түрде жалғастырып келеміз. Әсіресе, құрылыс алаңдарында тіркеусіз тұрып, рұқсатсыз еңбек ететін шетелдіктерге ерекше назар аударамыз. Әрбір анықталған құқық бұзушылық бойынша заң аясында нақты шаралар қабылданады. Біздің негізгі мақсатымыз – қаламыздағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – деді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #заңсыз көші-қон #күрес шаралары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);