AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда заңсыз жүрген 37 шетел азаматы елден шыға...

Алматыда заңсыз жүрген 37 шетел азаматы елден шығарылды

Әлеумет 28.10.2021, 08:22 1,397
Алматыда заңсыз жүрген 37 шетел азаматы елден шығарылды
Сурет: Tengrinews.kz

Заңсыз еңбек етіп жүрген мигранттар анықталды


Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен елден Тәжікстанның 37 азаматы қуылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының консулдығының көмегімен Алматы полиция департаменті құқық бұзушы шетелдіктерді Өзбекстанмен мемлекеттік шекараға дейін жеткізуді ұйымдастырды. Бұл үшін көп орындығы бар автобус бөлінді. Консулдық кейбір адамдарға Отанына оралу туралы куәлік берген болатын. Бұл біздің бірінші тәжірибеміз емес, осыдан үш ай бұрын дипломатиялық қызметтермен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының 20-дан астам азаматын Отанына жеткізу ұйымдастырылған», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



Алматыда осы күндері заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру фактілерін анықтау мақсатында «Келімсек» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.



«Іс-шараның тоғыз күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 146 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. 47 шетел азаматы елден шығарылды. Шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 355 тұлға жазаланды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 28 жұмыс берушіге айыппұл салынды», – деп қорытындылады Асхат Бутунчинов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мигранттар #заңсыздық #шетел азаматтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);