ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда "Заң мен Тәртіп өзіңнен басталады!" атты...

Алматыда "Заң мен Тәртіп өзіңнен басталады!" атты іс-шара өтті

Заң мен тəртіп 09.04.2025, 14:46 779
Алматыда "Заң мен Тәртіп өзіңнен басталады!" атты іс-шара өтті
Сурет: Polisia.kz
Бүгін Алматы қалалық полиция департаментінің мәжіліс залында Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция департаментімен бірлесе ұйымдастырған дәрістік шара өтті.

Бүгін Алматы қалалық полиция департаментінің мәжіліс залында Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция департаментімен бірлесе ұйымдастырған дәрістік шара өтті.

Жиын "Заң мен Тәртіп өзіңнен басталады!" ұранымен өтті және адалдық, әділдік және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтары туралы ашық және мазмұнды әңгімелесу алаңына айналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік идеологиясын дамыту, құқықтық сананы күшейту, заң мен заңдылық қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу. 

- Бүгінгі күні әрбір азаматтың заңның сақталуына жеке жауапкершілігін сезінуі бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Қоғамда қолдау мен сенім болған кезде полиция жұмысы нәтижелі болады. Біз қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау үшін ашық диалогқа, бірлескен жұмысқа дайынбыз, — деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров. 

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Арман Рахимов алдын алудың қажеттілігін атап өтті. "Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрескеннен гөрі оның алдын алу оңай. Біз адал мемлекет құрып жатырмыз, бұл үдерісте әрбір адамның рөлі маңызды. Айқындық, есеп берушілік, жариялылық – бұл біздің басымдықтарымыз". Қатысушылардың ерекше назары, қызметтің құрметті ардагері, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы басшысы, өмірлік және кәсіби тәжірибесі мол азамат - Алик Шпекпаевтың сөзіне аударылды.

— Өзімізден бастамасақ, ешбір заң жұмыс істемейді. Әркім өз орнында адал болмайынша ешбір реформа нәтиже бермейді. Мемлекеттегі тәртіп әрқайсымыздың басымыз бен жүрегіміздегі тәртіптен басталады. Не істесең де - бәрін ар-ұжданмен істе, — деді Алик Шпекпаев. 

Кездесуге қатысушылар тақырыптық бейнематериалды көріп, нақты мысалдарды талқылады және баяндамашыларға сұрақтар қойды. Іс-шара шынайы қызығушылық пен өзара түсіністік жағдайында өтті, қатысушыларға құқықтық және әділ қоғам құрудағы өз рөлін түсінуге серпін берді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.