ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматыда заманауи өнер мұражайы ашылады

Алматыда заманауи өнер мұражайы ашылады

Алматылықтардың алданышы 19.09.2021, 12:49 2,502
Алматыда заманауи өнер мұражайы ашылады
Cурет: 24.kz
Креативті индустрияның жарқын үлгісі болмақ.

Креативті индустрияның жарқын үлгісі болмақ.


Соңғы үлгі мен ерекше дизайнға сай жасақталатын өнер мұражайының құрылысы қараша айында басталады. Қала күні қарсаңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев аталған нысанның жобасымен танысып қайтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Алматы өнер мұражайы. Бұл тек көркемөнер туындыларының басын қосқан орын емес, жалпы креативті индустрияның жарқын үлгісі болмақ. Себебі мұнда отандық һәм жаһандық өнер иелерінің туындыларымен қатар, әлемдік деңгейдегі кітаптар да ұсынылады. Жалпы ауданы 10 мың 400 шаршы метр болатын ғимарат осылайша жаһандық деңгейдегі көрмелерді Алматыда-ақ өткізуге мүмкіндік бермек. Айта кету керек, монументалды экспонаттарды орнататын уақытша көрмелер залының ауданы 1000 шаршы метр, ал биіктігі 12 метрді құрайды.
Нысанның аумағын Алматы өнер мұражайына қалалық әкімдік арнайы ұсынған. Жобаның идеясына сай, мұнда «Жасыл Алматы» акциясының негізінде көшеттер отырғызылып, ерекше үлгідегі саябақ жасалады. 1,5 километрлік радиуста көгалдандырылған аумақтың жоқ екенін ескерсек, бұл орын осы шағынаудандағы тұрғындар үшін де, жалпы қала азаматтары үшін де көркем жерге айналады деп күтіліп отыр.



«Мұнда музыкаға, театрға арналған зал және балалар мен ересектерге арналған оқу бөлмелері, кітапхана, мейрамхана, дүкен және видеозалдар болады», - деді өнертанушы Меруерт Қалиева.



Аталған мұражай әл-Фараби және Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасады. Өнер кешенін жобалау бойынша қызмет көрсететін компания Сан-Франциско заманауи өнер музейі, Бильбаодағы Гуггенхайм музейі, Дохадағы Катар ислам өнері мұражайы мен Лувр орталықтары секілді жобаларда жұмыс істеген. Ал инженерлік шешімдерді жасауға 40 жылдық тәжірибесі бар халықаралық мамандар тартылған.



«Көптеген қазақстандық өнер туындыларын мен шет мемлекеттерде көріп, сатып алып жүрдім. 90-жылдардағы көркемсуреттерді де Париж, Мәскеу төрінде жиі кездестіресіз. Істің басы «Осылардың бәрі неге өз Отанымызда тұрмасқа?» деген ойдан басталған. Ал, мына орынды маған қала әкімі ұсынған еді. Жалпы әу бастағы идеяның өзі мықты болды», - деді кәсіпкер, меценат Нұрлан Смағұлов.



Бүгінгі таныстырылымға тұрғындар да арнайы келіп, көршілес аумақта бой көтеретін мұражайдың жобасымен танысып қайтты.



«Мына жер тазаланып қалды. Енді мәдениет орны болса, тіпті жақсы болады. Бала-шағаларымызбен қыдырып жүреміз», – деді қала тұрғыны Назым Маманов.



Соңғы үлгі мен ерекше дизайнға сай жасақталатын нысанның құрылысы қараша айында басталады. Көркемөнер туындыларының басын қосқан орын 2023 жылы қолдануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.