AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия...

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Мәдени Алматы 07.04.2026, 17:23 766
Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Іс-шара Freedom Holding Corp. бас серіктестігімен ұйымдастырылып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 2026 жылы 7-10 сәуір аралығында FIDE мен Халықаралық мектеп шахматы федерациясының (ISCF) қолдауымен өтетін World Schools Team Championship турнирінің Азия құрлығындағы кезеңі басталды.

Жарысқа Азия және ТМД елдерінен 19 мемлекеттен келген 26 мектеп командасы қатысып отыр. 8 бен 14 жас аралығындағы жас шахматшылар бақ сынайды. Турнир жеңімпаздары 2026 жылы желтоқсанда өтетін гранд-финалға жолдама алады.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысып, турнирдің қалада өтуі Қазақстанның мектеп шахматын дамытудағы жетістігінің айғағы екенін атап өтті. Сондай-ақ шахматты білім беру жүйесіне енгізудің зияткерлік ұлт қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов соңғы жылдары елде мектеп шахматын жүйелі түрде дамытуға мән беріліп отырғанын айтты. Бүгінде бұл спорт түрімен 60 мыңнан астам бала тұрақты түрде айналысып, қызығушылық артып келеді.

Ашылу рәсімінен кейін алғашқы екі тур басталды. Жалпы турнир 45+10 уақыт бақылауымен швейцар жүйесі бойынша сегіз турдан тұрады.

Сонымен қатар қатысушылар үшін шебердің сабақтары, жаттықтырушылар мен гроссмейстерлермен кездесу, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мәдениетімен танысу бағдарламасы ұйымдастырылған.

Айта кетейік, жарыс Алматы қаласы әкімдігі мен қалалық Спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл қаланың халықаралық зияткерлік спорт орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);