AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ж...

Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Арман Қошқаров марапатталды

Алматы 18.09.2026, 14:27 204
Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Арман Қошқаров марапатталды
Алматы әкімдігі

Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері Арман Қошқаров пен оның жеке жаттықтырушысы Әбдікәрім Қошқаровты марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым спортшы мен оның жаттықтырушысын халықаралық додадағы жоғары нәтижесімен құттықтап, олардың ұлттық спортты дамытуға және құсбегілік өнерді халықаралық деңгейде дәріптеуге қосқан үлесін атап өтті.

«Құрметті Арман Әбдікәрімұлы! Сізді VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегіліктен күміс жүлде жеңіп алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз ел мен Алматының абыройын асқақтаттыңыз. Бұл қажырлы еңбегіңіз бен жоғары шеберлігіңіздің нәтижесі.

Осы жетістікке қосқан үлесі үшін жаттықтырушыңыз Әбдікәрім Құрманғалиұлына да ерекше алғыс білдіремін.

Ұлттық спорт – халқымыздың төл мұрасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық спортты дамытуға ерекше мән беріп келеді. Сіздердің жетістіктеріңіз ұлттық спорттың мәртебесін арттырып, оны халықаралық деңгейде дәріптеуге қосылған маңызды үлес.

Алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғап, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін. Жеңістеріңіз құтты болсын!» – деді Нұрлан Әбдірахым.

Салтанатты рәсім барысында Арман Қошқаровқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, спортшыға қаржылай сертификат берілді.

Арман Қошқаровты халықаралық додаға дайындаған жеке жаттықтырушысы Әбдікәрім Құрманғалиұлы Қошқаров та Алғыс хатпен және қаржылай сертификатпен марапатталды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Арман Қошқаров Қазақстан құрамасының сапында құсбегіліктен сынға түсті. Бүркіт салу сайысында ол «Алғыр» атты бүркітімен күміс жүлдеге ие болды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өтті. Ауқымды додаға 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, барлығы 74 медаль иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);