AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасады

Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасады

Әлеумет 06.01.2025, 02:09 1,395 Ақерке Мырзағалиева
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасады
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев
 

Алматыда 2025 жылдан бастап велосипедтерді жалға алу қызметі жаңартылып, заманауи технологиялармен жабдықталады.

Бұрын бұл жобаны «Velocity.kz» қоғамдық қоры жүзеге асырса, 2020 жылы бұл құқық «Арман Аймағы» қоғамдық қорына берілген болатын. 2018-2020 жылдар аралығында жоба Алматы қаласының Спорт басқармасының қаржыландыруымен іске асырылды. Кейіннен велокөлікті жалға беру жобасы Қалалық мобильділік басқармасының қарауына өтті.

2025 жылы Алматы әкімдігі велосипедтерді жалға алу жобасын қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жұмысты «Алматы паркинг» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады. Аталған мекеме мегаполисте тұрақтарды ұйымдастыру бағдарламасымен де айналысады.

Ұйымның директоры Владимир Нидің айтуынша, қалалық әкімдік велосипед жалға алуды барынша ыңғайлы етуге баса мән беруде.

– Қала ерекшеліктерін зерттей отырып, біз бұрынғы қателіктерді ескердік. 2016 жылдан бері велокөліктер жаңартылған жоқ. Ал қазір заман өзгерді. Бұрын тек механикалық велосипедтер болса, қазір олар электр қозғалтқыштармен жабдықталады, – деді Владимир Ни.

Жоба аясында Еуропа, Ресей, Жапония, Корея және Қытай елдерінің тәжірибелері зерттелді.

– Еуропалық велосипедтер сапалы болғанымен, олардың қосалқы бөлшектері өте қымбат, көбісі Қытайда шығарылады. Қазіргі велокөліктер антивандалдық қорғаныстармен жабдықталған, бұл олардың пайдалану мерзімін арттырады. Олардың рамалары берік, тежегіш механизмдері мен пластик батареялары жоғары төзімділікке ие. Бұл велобайктарды әртүрлі климаттық жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді, – деп атап өтті маман.

Жоба жетекшісі Самат Ағабек қазіргі уақытта екі түрлі велобайк тестілеуден өтіп жатқанын айтты. Оның бірі – азиялық дене бітіміне, ал екіншісі – еуропалық дене бітіміне арналған.

– Алты ай бойы біз велобайктарды сынақтан өткізіп, қала тұрғындарына пайдалануға бердік. Біз оларды сервистік орталықтарға техникалық тексеріс үшін апарып, қаншалықты ыңғайлы және оңай жөнделетінін, бөлшектерін табу мүмкіндігін бағаладық. Қазір конкурсқа арналған техникалық сипаттама дайындап жатырмыз, – деді Самат Агабек.

Алғашқы кезеңде 2000 велосипед сатып алу жоспарлануда. Егер бұл көліктер алматылықтар арасында сұранысқа ие болса, олардың саны арттырылады.

– Велобайктар қала өмірінің бір бөлігіне айналып, микромобильді көлік жүйесін толықтырады деп сенеміз. Бұл экологияға да өз үлесін қосады, – деді Владимир Ни.

Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру көзделген.

– Қала балансында болатын арнайы қосымша әзірленуде. Велобайктар GPS құрылғыларымен жабдықталады. Бұл олардың нақты уақыт режимінде қозғалысын бақылауға және ұрлықтан қорғауға мүмкіндік береді. Қала әкімдігі микромобильді көлік құралдарына арналған тұрақ ережелерін әзірлеуде. Сол ережелер бекітілгеннен кейін тұрақтар картасын жоспарлаймыз, – деді жоба жетекшісі.

Велобайктар негізінен қала орталығында орналастырылады. Таулы аймақтарға шығу мүмкіндігі болмайды. Бұл шектеу барлық жалға алу жүйелері үшін қолданылады.

– Алматыда күн сайын 1500-ге жуық адам велосипедті пайдаланады. Электрлі велосипедтер қолданысқа енгізілген соң, олардың танымалдылығы артады деп ойлаймыз. Себебі олар қауіпсіз әрі ыңғайлы, – деп қорытындылады Самат Агабек.

Керек дерек

2016 жылдан бері мегаполисте велоинфрақұрылымды дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сол жылы пилоттық режимде 270 велосипед пен 50 станция пайдалануға берілді. Ал 2017 жылы тағы 1460 велосипед пен 150 станция қосылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Velocity.kz #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);