AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда үздік инновациялық стартап иегерлері мара...

Алматыда үздік инновациялық стартап иегерлері марапатталды

Әлеумет 29.11.2021, 10:34 1,207
Алматыда үздік инновациялық стартап иегерлері марапатталды
Сурет: Kapital.kz

Алматыда «Креатив жастар» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үздік инновациялық стартаптар» байқауының жеңімпаздары марапатталды


Қала көлемінде өткен жобаның 12 номинациясы бойынша үздік деп танылған жоба авторларына сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Енді жеңімпаздар өз бастамасын іске асыру үшін бизнес гранттарына қатысатын болады.  



«Креативті технологияларды игеру және оны жүзеге асыру – заман талабы. Байқау бойынша 5 тренинг өткізіліп, білікті мамандар жастарды даярлады. Жастар өз жобасын, өз идеясын ұсынды», – деді мәслихат депутаты Әсия Ақанова.



Байқау басталғалы 500 өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 12-сі үздік деп танылды. Бүгін өткен жиында барлық жоба көпшілік назарына ұсынылып, ұйымдастырушылар бастаманың өзектілігі мен ерекшеліктерін атап көрсетті.


Айта кетсек, жастарға мүмкіндік беретін байқау қалалық қоғамдық даму басқармасының және «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен өтті.



«Менің жасаған жобам «3D биозертхана» деп аталады. Бұл зертханада біз бұрынғы гипстердің орнына қолдан жасалған орамаларды жасадық. Мұндай жоба елімізге келіп жатыр. Ал жаһандық нарықта енді қолға алынған жобалардың бірі», – деді үздік жоба иегерінің бірі  Орынбасар Қалдарбек. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жоба #инновациялық стартаптар #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);