AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халы...

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтеді

Спорт 18.07.2025, 15:48 994
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтеді
Сурет: Olympic.kz

Аталған жарыс 23-26 шілде аралығына жоспарланған. Турнирге әлемнің 15 мемлекетінен 235 жас теннисші қатысады.

Алатау төрінде Гонконг, Үндістан, Катар, Қытайлық Тайпей, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Қазақстан спортшылары өзара бақ сынайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Жарысты қабылдаушы мемлекет Қазақстан сапынан түрлі жас санатындағы 86 спортшы сынға түседі.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен Әлемдік үстел теннисі (WTT) қолдауымен өтетін турнир жасөспірімдер сериясының күнтізбесіне енген және әлемдік рейтинг бойынша ұпай таратады.

Үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде мына жас ерекшеліктері бойынша жүлделер ойнатылады:

  1. 11 жасқа дейінгі қыздар мен ұлдар, жекелей сын;
    2. 13 жасқа дейінгі қыздар мен ұлдар, жекелей сын;
    3. 15 жасқа дейінгі жасөспірім ұл-қыздар, жекелей сын;
    4. 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұл-қыздар, жекелей сын;
    5. 19 жасқа дейінгі жасөспірім ұл-қыздар, жекелей сын;
    6. 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында аралас жұптық сын.

Турнир Алматы қаласын Нұркент, 14 Б мекенжайында орналасқан ADD Ustel Tennis Ortalygy кешенінде өтеді. Кіру тегін.

Сондай-ақ жарыс тікелей эфирде Qazsport арнасынан көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #үстел теннисі #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);