AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда ұшқышсыз басқарылатын құрылғы таныстырылд...

Алматыда ұшқышсыз басқарылатын құрылғы таныстырылды

Заң мен тəртіп 03.02.2023, 05:57 1,202
Алматыда ұшқышсыз басқарылатын құрылғы таныстырылды
Сурет: Gov.kz

Бұл - әскери саладағы технологиялық әзірлемелердің бір бөлігі ғана.


Алматыда ұшқышсыз басқарылатын құрылғы мен дронға қарсы кешен таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар, дронға қарсы кешендер және виртуалды полигондар – бұл жүйелер мен технологиялар Digital Almaty-2023 "Жаңа шынайы цифрлық әріптестік" халықаралық форумы аясында өткен көрмеде таныстырылды.


Көрмеде азаматтың тұрғылықты жерін, әскери қызметке жарамдылығын, денсаулығын, отбасылық жағдайын және тағы басқаларын анықтай алатын цифрлы техника келушілер назарына ұсынылды. Бағдарламалық қамтамасыз ету жергілікті әскери басқару органдарын цифрлық трансформациялау шеңберінде әзірленді. Қазірдің өзінде бүкіл өңірде департаменттерге, басқармаларға және қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге енгізілді. Одан өзге бұл әскери комиссариаттарға әртүрлі мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері туралы мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік береді.



"Ұсынылып отырған бұл ақпараттық жүйе жұмылдыру ресурстарын есепке алуды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта әскердегі көптеген процестер автоматтандырылған, қағазбастылық қысқарған және Қорғаныс министрлігінің азаматтарға қызмет көрсету түрлері едәуір жеңілдетілген", – деді Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев.



Көрмеде әскери саладағы жоғары технологиялық отандық әзірлемелер де ұсынылды. Qazdron компаниясы радиомен басқарылатын ұшқышсыз басқарылатын құрылғыны, Тactical Tech – виртуалды шынайы тактикалық жауынгерлік іс-қимылдың үдеткіші, Kaztechinnovations – дронға қарсы қолданылатын кешендерді көрсетті.


Форум аясында Қарулы Күштерді цифрландыруға арналған талқылау ұйымдастырылды. Онда "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов, Түркияның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілі Зия Юсуф Чамоғлы, Elbit Systems C4i & Cyber израильдік компаниясының өкілі Әмір Зельднер және Thales Group француз компаниясының Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Мартин Ривет де Сабатие баяндама жасады.


Форумға қатысушылар осындай шаралар IT-технологиялар саласындағы қарым-қатынасты жандандыруға, ғылыми тұрғыда алмасуға ықпал етіп қана қоймай, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін де арттырады деген пікірге келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дрон #Алматы #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);