AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-...

Алматыда ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алу рәсімі өтті

Заң мен тəртіп 27.12.2024, 17:05 995 dulatbekova
Алматыда ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алу рәсімі өтті
Сурет: Polisia.kz

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Президиумының алғашқы төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың қайтыс болғанына бес жыл толуына орай Алматыда еске алу шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, шара марқұмның отбасы тұрған үйдің ауласында өтіп, оған генерал Қайдаровтың туыстары мен жақындары, әріптестері, сондай-ақ Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. 

– Рүстем Есімханұлы қазақ полициясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, адал қызметі мен жанқиярлық еңбегі арқылы ел құрметіне бөленген тұлға. Ол бүгінгі ұрпаққа ерлік пен адалдықтың, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеткен азамат. Лайықты офицерлерді тәрбиелеп, құқық қорғау саласының беделін арттырды. Генерал Қайдаров қатардағы полицейлердің мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлді. Ардагерлерге қолдау көрсету жолында да зор еңбек сіңірді», – деп атап өтті «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бексұлтан Сәрсеков.

Әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров – қазақ полициясының тарихында ерекше орын алатын көрнекті тұлға. Ол КСРО Ішкі істер министрлігінің үздік қызметкерлерінің бірі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, құқықтану және экология саласындағы танымал ғалым болды. Рүстем Есімханұлы Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық корреспондент мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Халықаралық экологиялық палатаның құрметті профессоры атанды. 20-дан астам ғылыми мақала мен оқу құралдарының авторы, Қазақ КСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің авторларының бірі болды. Оның еңбегі тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де жоғары бағаланды. БҰҰ-ның есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының 39-сессиясында Қазақстан делегациясының құрамында жұмыс істеп, Минск конвенциясын әзірлеу жөніндегі делегацияны басқарды. Рүстем Қайдаров Ресей Федерациясының «Парасат», «Достық жұлдызы», «Ерен еңбегі үшін» ордендерімен, сондай-ақ КСРО, Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусьтің 30-дан астам медалімен марапатталған. 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыда болған ұшақ апатында 14 адам қаза тапты. Сол қайғылы оқиғадан ел үшін адал қызмет еткен әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров та қаза болды. Генерал Қайдаровтың өмір жолы мен еңбегі – адалдықтың, патриотизмнің және қайсарлықтың айқын үлгісі. Оның есімі мен еңбектері халық жадында мәңгі сақталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұшақ апаты #еске алу #Рүстем Қайдаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);