AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда үш жолайырық салынып жатыр

Алматыда үш жолайырық салынып жатыр

Әлеумет 05.01.2023, 03:31 1,391
Алматыда үш жолайырық салынып жатыр
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы қаласындағы жалпы жолдың ұзындығы 3097 шақырым


Алдағы 2 жылда Алматы қаласында 3 жолайырық толық пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қаладағы 5 ауданда 209 шақырым жаңа жол салынады. Бұл шаһардағы жол қозғалысын реттеп, экологиялық ахуалдың жақсаруына сеп болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24». 


Алматы үшін түйіні шешілмеген мәселенің бірі - жолдағы кептеліс. Соңғы мәліметтерге сүйенсек қалада 500 мыңнан астам көлік тіркелген. Бұған күн сайын өзге облыстардан келетін машиналарды қосыңыз. Бұл түйіткілді шешу үшін соңғы 15 жылда 18 жолайырық салынды. Мұнымен қоса 11 бекеттік метро істеп тұр. Бірақ шаһарда әлі де жол қозғалысы қиын. 



«Халық саны да көбейіп жатыр. Развязка болмаған жылдармен қазіргі жылдарды салыстырсақ, бәрібір кептеліс болып жатыр. Сол себепті халық саны көбейген соң жол мәселесін де тұрақты дамыту керек»,- дейді қала тұрғыны Ғазиз Ережеп.



Қала әкімдігінің тапсырысымен қазір салынып жатқан 3 жолайырық болашақта көлік қозғалысын жылдамдатады деген болжам бар. Оның бірі Бұқтырма көшесімен Құлжа тас жолының қиылысында салынуда. Бұл құрылысқа 11,5 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда  жолайрықтың 90 пайыз жұмысы аяқталып, көпірлері пайдалануға берілді. Тек жерасты өткелдерінің құрылысы қалған. 



«Ортада 1400  мм магистралдық трубалар жатқандықтан қосып үлгермедік. Сондықтан қалды. Қазіргі таңда осы объект бойынша инженерлік тораптар салынуда, су тарату құбырларының 80 пайызы аяқталды», - дейді мердігер компания инженері Мақсат Байшараев.  



Алматы қаласындағы жалпы жолдың ұзындығы 3097 шақырым. Олардың 86 процентінде асфальт жабындысы бар. Әкімдік өкілдері 2023 жылы бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткіземіз дейді. Атап айтқанда биыл Шаңырақ-1, Әлмерек, Қайрат, Ақжар, Алғабас шағын аудандарында жаңа жолдар салынып бітеді. Сондай-ақ көлік қатынасы үшін маңызды Рысқұлов даңғылы болашақта қала шекарасына дейін ұзартылады.  



«Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзарту. Оның ұзындығы 3 км болады. Бүгінгі күнге жұмыстар 55 проценте дейін дайын. Осы жылы біз Төле би көшесін Яссауи көшесінен қаланың шекарасына дейін жұмыстарды бастадық. Құрылыс жұмыстарын»,- дейді Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің жетекшісі Айдос Желдікбаев.



Сейфуллин мен Жансүгіров және Сайын мен Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайырықтардың құрылысына да қомақты қаражат бөлінген. Ал Үлкен Алматы айналма жолы іске қосылса жүрісіміз жылдамдап, тынысымыз кеңейеді деген үміт бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолайрық #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);