ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Ойын-сауық / Алматыда ұлттық спорт түрлерінен мерекелік шара өт...

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен мерекелік шара өтті

Ойын-сауық 21.03.2022, 10:08 4,877
Алматыда ұлттық спорт түрлерінен мерекелік шара өтті
Cурет: Аdilettv.kz
Қазақта 150-ден астам ұлттық спорт түрі болған

Қазақта 150-ден астам ұлттық спорт түрі болған


Ұлттық ойындар – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Дана халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, жастайынан спортқа баулыған. Ғалымдардың зерттеуінше, қазақта 150-ден астам ұлттық ойын түрі болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv–ге сілтеме жасап.
Алайда көбі ел есінен шығып, ұмытылып кетті деседі. Соған қарамастан осы жолда аянбай еңбек етіп, ұлттық спортты барынша дәріптеп жүрген жандар баршылық.
Бүгінде ұлттық ойындар біртіндеп қайта жаңғырып келеді. Олардың қатарында дәстүрлі садақ ату, асық ойнау және ләңгі тебу мен арқан тартыс бар. Қазіргі кейіпкер де аталмыш спорт түрлерін қолға алып, қаладағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан алматылықтарға жабық алаңда мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
Қазақ халқы ежелден ұлттық ойындарға бай халық. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Бүгінде ұмыт болған ойын түрлерін Мейрамбек Русланов дәріптеп жүр. Ол 2 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді. 



«Қазір қазақи ұлттық киімдер, ұлттық спорт түрлері жақсы дамып жатыр. Соны әрі дамытуға аздап үлес қосып жатқан жайымыз бар. Бұл – бала кезден бергі хоббиім. Өзіміз ауылдан шыққаннан кейін ұлттық ойындарды көтеру мақсатында көкпар да ұйымдастырып тұрамыз», – деді ұйымдастырушы Мейрамбек Русланов.



Шарада ұлттық спорттың бірнеше түрі ойнатылды. Көпшілік көңілі садақ ату мен асық ойнауға ауды. Ұйымдастырушылар әуелі қатысушыларға садақ тартудың қыр-сырын үйретті. Қазақ халқы ежелден жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін аталмыш спорттан бөлек, жамбы атуды ойлап тауып, жарыстар өткізген. Ол бір жағынан әскери дайындықты нығайту болса, екінші жағынан ұлттық рухты оятады.  
Садақ ату – қазақтың қанында бар ұлттық ойындардың бірі. Бұл спорттық құрылғы адамды мергендікке, төзімділікке және шыдамдылыққа тәрбиелеп, сымбатты дене бітімін қалыптастырады.



«Ұлттық ойындардың өтетінін естіп, Алматы арнайы келдім. Осындай ойындарды жиі-жиі өткізіп тұрса деймін. Ұлттық спортымызды осылай дәріптеп, мадақтап, өркендете берулеріңізге тілектеспін», – деді қала қонағы Ержан Иса.



Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы уақытта ұлттық спортқа қызығатын қыздар қауымы артып келеді. Солардың бірі – Нәйля Сайлаубекқызы. Ол бала кезінен сақ патшайымы Томирис пен әйгілі Қабанбай батырдың қызы Назымға еліктеп, ат пен садаққа машықтанып өскен. 



«Менде садақ атып, атпен шапқан кезде керемет рух, керемет сезім пайда болады. Сол себепті осы спорттың таңдадым. Әлі күнге дейін атпен, садақпен айналысып жатырмын», – деді спортшы Нәйля Сайлаубекқызы.


«Ұлттық ойындардың дәріптелуі болашақ ұрпаққа қазақтың рухын сіңіріп өсуіне септігін тигізеді», – деді қала тұрғыны Айдана Ақылтаева.



Шара соңында ұйымдастырушылар алматылықтарды меркемен құттықтап, Наурыз көжеден дәм татқызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.