ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда ұлттық құндылықтарға арналған ғылыми-прак...

Алматыда ұлттық құндылықтарға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Алматы 02.11.2025, 11:34 472
Алматыда ұлттық құндылықтарға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
Aqshamnews
Алматыда ұлттық құндылықтарға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Алматыда ұлттық құндылықтарға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

31 қазанында Алматы қаласындағы Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханада «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар: таным, тағылым. Адал азамат» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері Асылы Осман, Қазақстанның Еңбек Ері, білікті педагог Аягүл Миразова, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Аманат» партиясының, Алматы қалалық және аудандық мәслихаттарының өкілдері, ғалымдар, педагог-практиктер, жазушылар мен оқулық авторлары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен баспа және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда ұлттық құндылықтардың білім мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз етудегі рөлі, сонымен қатар оларды ғылыми-әдіснамалық және практикалық тұрғыда іске асыру жолдары талқыланды. Қатысушылар құндылыққа бағдарланған тәрбие жұмыстарының үздік тәжірибелерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Шара аясында көркем әдебиеттер мен оқулықтар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Атамұра», «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Көкжиек», «Мектеп» сынды ірі баспалар өз өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері негізінде дайындалған ғылыми ұжымдық еңбектердің тұсаукесері өтті.

Конференция мазмұнды да тағылымды өтті. Қонақтар мен қатысушылар оқушылар мен педагогтердің өнерін тамашалап, рухани құндылықтардың қоғам өміріндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.