AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халы...

Алматыда «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халықаралық конференция өтті

Білім және ғылым 09.04.2022, 14:11 2,072 Almaty-akshamy
Алматыда «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халықаралық конференция өтті
Cурет: Ұлттық кітапхана

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесіп ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым-лингвист, ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы һәм алаштың Ахметі» атты халықаралық конференция өткізді.


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.



«Конференцияның мақсаты – ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері, саяси публицист, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ғылыми идеяларын зерттеу, зерделеу»,-делінген хабарламада.



Халықаралық конференцияны ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы жүргізіп, алғашқы құттықтау сөзді ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Олжас Сүлейменов берді. Сонымен қатар Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есдәулет Ұлықбек Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері жайлы баяндады.


Онлайн режимінде құттықтау сөзбен: ЮНЕСКО Бас директорының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі орынбасары (видеоүндеу), ЮНЕСКО Штаб-пәтерінен (Париж, Франция) Габриэлла Рамос, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) Мақсат Арғынбеков бейнехабарлама жасады.



Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым-лингвист, ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы ─ Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап және мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.


Конференцияға әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, тілтану және тарих саласының жетекші мамандары, зерттеуші ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, халықарарық ұйымдардың, білім беру, зерттеу ұйымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері, оқытушылар, докторанттар, отандық және шетелдік ЖОО студенттері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлт ұстазы #конференция #Ахмет Байтұрсынұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);