Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тыл мамандарының оқу-әдістемелік жиыны өт...

Алматыда тыл мамандарының оқу-әдістемелік жиыны өтті

Әлеумет 27.05.2024, 18:18 920
Алматыда тыл мамандарының оқу-әдістемелік жиыны өтті
Сурет: Gov.kz

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында тыл командирлері орынбасарларының, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тылмен қамтамасыз ету қызметтері мен қоймалар бастықтарының қатысуымен оқу-әдістемелік сабақтар өтті.

Жиынның мақсаты – әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған басқару процестерінің тиімділігі тәуелді тыл қызметкерлерінің кәсібилік деңгейін арттыру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Жиынды басқарған Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Асылхан Таубаев осы сала әскери қызметшілерінің қажетті білім мен дағдыларды меңгеруі маңызды деп атап өтті.

"Әскерді тылдық қамтамасыз ету процестерінің сапасы әскери қызметшілердің жауынгерлік қабілеттілігі мен моральдық рухына тікелей әсер етеді. Бұл істе қызметтің ерекшелігін терең білу және жүйелі жұмыс істеу маңызды, оған мұндай жиындар ықпал етеді", – деп атап өтті полковник А.Таубаев.

Жиын бағдарламасына дәрістер, көрнекі және нұсқаулық сабақтар, оған қоса рота шаруашылығын жүргізу бойынша практикалық жаттығулар кірді. Қатысушылар азық-түлікті, техниканы, қызмет мүлкін сақтау, одан басқа сарбаздар мен курсанттарды теңгерімді және салауатты тағам мөлшерімен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Әскери қызметшілердің тұрмыстық ахуалын ұйымдастыруға да жан-жақты тоқталды. Мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, әскери бөлімдерде тұрмыс жағдайын жақсартудың және тамақтануды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін ұсынды.

Жиын барысында алынған білім мен дағдылар бөлімшелерге жүктелген міндеттерді орындаудың жалпы тиімділігі мен дайындығын арттыруға ықпал ететін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #тыл #оқу-әдістемелік сабақтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.