конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда тыйым салынған заттарды тергеу изоляторын...

Алматыда тыйым салынған заттарды тергеу изоляторына өткізбек болғандар ұсталды

Оқиға 09.01.2023, 08:44 1,095
Алматыда тыйым салынған заттарды тергеу изоляторына өткізбек болғандар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Тінту кезінде сусабынның ыдысына салынған өткір иісті ұнтақ табылды.


Алматы қаласы ҚАЖД №72 мекемесі жедел бөлімі қызметкерлерінің ақпараты бойынша, жуырда аталған мекемеге есірткі заттарын өткізбекші болған үш адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жедел ақпарат бойынша, шұғыл әрекет еткен мекеменің жедел уәкілдері Алматы қаласы, Түрксіб ауданы полиция басқармасының жедел қызметкерлерімен бірге тергеу изоляторының аумағына келген көк түсті Subaru Forester жеңіл көлігін тоқтатқан болатын.



Ұсталған 19 жастағы екі жігіт және 37 жастағы ер адам өздерінің мекемеге есірткі затын кіргізу мүмкіндігін іздеп келгендерін мойындады. Сондай-ақ абақтыға телефон тасыған әйелдің де әрекеті анықталды. Бас бостандығынан айыру орындарындағы жазалылар мен күдіктілерге сәлемдеме әкелушілер үшін бақылау-тексеру пунктінде арнайы ескерту жазба ілініп тұрады.



Яғни, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 481-бабы 1-бөлігінде көзделгендей, Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды өткізу үшін жасалған әрекеттерге қолданылатын жаза бары ауызша да ескертіледі.


Алайда осындай ескертулерге қарамастан, тыйым салынған заттарды өткізуге тырысатындар жиі анықталады. Соның бірі – Алматы қаласындағы тергеу изоляторында жатқан баласына жасырын түрде телефон бермекші болған ананың әрекеті. Ол алаяқтық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша күдікті деп танылып, тергеу абақтысына қамалған баласына әкелген күртенің қалтасына Техет телефоны мен SIM карта жасырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұнтақ #полиция #кодекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22

Ашықтық пен сенім: Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлаудың ашықтығын қандай тетіктер қамтамасыз етеді

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);