AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда түзеу мекемесіндегі балалар да аттестат а...

Алматыда түзеу мекемесіндегі балалар да аттестат алды

Барлығы 19.06.2025, 16:31 882 Нұржамал Әлішева
Алматыда түзеу мекемесіндегі балалар да аттестат алды
Сурет: Алматы қаласы ҚАЖ департаменті

Сотты болып, бас бостандығынан айырылған  жасөспірімдер жазасын өтеп жатқан №11 мекеме аумағындағы  №3 жалпы білім беретін мектепті бітірген биылғы түлектер де аттестат алды.

Салтанатты жиын еліміздің Әнұранымен басталды. Ортаға 9 және 11- сыныпты бітіруші түлектер  сынып жетекшілерімен шықты. №11   мекеменің тәрбие бөлімінің  бастығы, әділет подполковнигі Алма Бәзілбаева жазалы жасөспірімдерді мерекемен құттықтап, болашақта жақсы азамат болып шығатындықтарына сенім білдірді.

Мектептің оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары Людмила Васильевна мен Айзада Әбдімәдиқызы да жылы лебіздерін жеткізіп, 11-сыныпты бітірген 17 оқушыға, 9-сынып бітрген 4 оқушыға аттестат табыстады.

Жалпы, 21 жасөспірім жалпы және негізгі орта білім туралы аттестат алып, қуанышқа бөленді. 11-сыныпты бітірген 5 екпінді оқушы «Мақтау қағазымен» және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. 

Бұл сәт те есте қалсын деген ниетпен, мектеп бітірушілер тілектер жазылған  түрлі-түсті шарларды көкке ұшырды. Балалардың өздері темір торлы қоршауда жүрсе де, олардың асқақ арманы жазылған шарлар еш кедергісіз аспан әлеміне жол тартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #түзеу мекемесі #балалар #Аттестат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);