ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Тұрмыстағы профилактика» жедел-алдын ал...

Алматыда «Тұрмыстағы профилактика» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Алматы 16.10.2025, 16:35 473
 Алматыда «Тұрмыстағы профилактика» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
Сурет: Медеу аудандық Полиция басқармасы
13–20 қазан аралығында Алматы қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Тұрмыстық профилактика» атты жалпықалалық жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.

13–20 қазан аралығында Алматы қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Тұрмыстық профилактика» атты жалпықалалық жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.

Басты мақсат – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Медеу аудандық Полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әңгімелесу барысында мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударуда.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Медеу ауданында полиция қызметкерлері 650 қорғау нұсқамасын және 85 ерекше талапты сот шешімімен бекіткен. Бұл шаралар тұрмыстық құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы Қожанова Әйгерім Серікбайқызының айтуынша, бөлім қызметкерлері есепте тұрған тұлғалармен және отбасында жиі дау-жанжал туындайтын азаматтармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Полиция өкілдері тұрғындарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырады. Егер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері орын алса, азаматтар 102 нөмірі арқылы полицияға, сондай-ақ 150 немесе 111 сенім телефондарына хабарласа алады.

Мұндай іс-шаралар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарды азайту және қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.