AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда түркістандық соғыс тұтқындары жайлы еңбек...

Алматыда түркістандық соғыс тұтқындары жайлы еңбектің тұсакесері өтті

Әлеумет 03.02.2023, 12:40 1,372
Алматыда түркістандық соғыс тұтқындары жайлы еңбектің тұсакесері өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Монографияда Германия, Польша және Ресей архивтерінен жинақталған құжаттық деректер пайдаланылған


2023 жылғы 3 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында тарих ғылымдарының докторы, профессор Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызының «Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» атты монографиясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
⠀
Іс-шараның модераторы - Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеубаев Шәмек Баянұлы.
⠀
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөндегі орынбасары Искалиева Нұрия Аманғалиқызы құттықтау сөзбен ашты.
⠀
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаухар Кәкенқызы бұл еңбектің Германияның Түркістанға қатысты саясатын талдауға және түркістандық соғыс тұтқындарының тағдырын анықтауға арналған алғашқы кешенді зерттеуінің нәтижесі екенін атап өтті. Монографияда Германия, Польша және Ресей архивтерінен жинақталған құжаттық деректер пайдаланылған. Архивтік құжаттардың басым бөлігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр.
⠀
Жиын барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Алдажұманов Қайдар Сейсембаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Байғонақов Досбол Сүлейменұлы, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мырзабекова Рыскелді Саламатқызы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының докторанты Стамшалов Еркін Иманғазыұлы сөз сөйледі.
⠀
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, кітапхана оқырмандары мен студенттер қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Соғыс #Түркістандықтар #монография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);