Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда туристік салаға бөлінетін инвестиция 2,5...

Алматыда туристік салаға бөлінетін инвестиция 2,5 есе өсті

Әлеумет 14.08.2024, 10:17 906
Алматыда туристік салаға бөлінетін инвестиция 2,5 есе өсті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда шетелдік туристер санының өсуі байқалады

 

Алматыда биылғы 1-тоқсанының қорытындысы бойынша мегаполисте туристердің жалпы саны 473 309 адамға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6% көп. Шетелдік туристер саны 3,4% өсіп, 122,8 мың адамнан асты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Туристік салада жұмыспен қамтылған халық саны 2,6% артып, 80 838 адамға немесе Алматының еңбекке қабілетті халқының жалпы санының 7,4%-на жетті.

 

Сонымен қатар, 6 айда туризм саласына салынған инвестиция 2,5 есе өсіп, 45,2 млрд теңгені немесе негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы санының 6,3% болды. Осы саладағы салық түсімі екі есе өсті - биыл 1-тоқсанында ол 21,7 млрд теңгеге жетті. Жергілікті бюджеттің салық кірістерінің жалпы көлеміндегі түсімнің үлесі 5,2%-ды көрсетті.

Көрсеткіштердің өсуі Алматының туристік дестинация ретіндегі тартымдылығының артқанын көрсетеді. Өз кезегінде туристік қызмет пен инфрақұрылымға сұраныстың артуы инвесторларды тартады, жаңа жұмыс орындарын құруға және сапалы қызмет көрсетуге жетелейді.

Мәселен, биыл маусым айында Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар легін 14 млн адамға дейін ұлғайтқан жаңа терминал ашылды. Соңғы 5 жылда Алматыда 1 375 нөмірлі 14 қонақ үй ашылды, оның ішінде желілік деңгейдегі қонақ үйлер (Hilton, Accor және InterContinental) бар. 2027 жылы нөмірлік қорды 1,5 есеге - 17 мың нөмірге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.