ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Ойын-сауық / Алматыда туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жү...

Алматыда туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде

Ойын-сауық 29.11.2021, 13:33 3,836
Алматыда туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде
Сурет: интернеттен
Алматыда туристік инфрақұрылымды дамытуға үлкен көңіл бөлінуде.

Алматыда туристік инфрақұрылымды дамытуға үлкен көңіл бөлінуде.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында сапар-орталықтары, глэмпинг-қонақ үйлер салынып, соқпақтар абаттандырылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тау бағыттарының шалғай тораптық учаскелерінде спутниктік байланысы бар (құтқару жасақтарына дабыл беру түймелерімен) және таулы жерлерде туристік навигацияның бірыңғай жүйесі бар 15 тау үйшіктерін орнату аяқталуда. Мемлекет басшысының кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, гидтер және экскурсоводтарға арналған семинарлар, әуежай, теміржол вокзалдары қызметкерлеріне арналған фасилитациялық тренингтер және басқа да біліктілікті арттыру бойынша тренингтер ұйымдастырылады. Мысалы, биыл қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін ағылшын тілі бойынша онлайн-курстар өткізіледі.



Таулы жерлерде туристік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 1000 км-ден астам таулы жаяу соқпақтар цифрландырылды,оның 663 км-ден астамы (немесе 45 таулы бағыт) абаттандырылды. Барлық цифрландырылған бағыттар 2GIS және ViewRanger платформаларында қолжетімді. Аталған бағыттар бойында ақпараттық стендтер, көрсеткіштер, ақпараттық қалқандар, ақпараттық бағандар, орындықтар мен күркелер орнатылды. Барлық навигациялық стендтерде QR кодтары бар, онда туристер бағыттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады.



Сонымен қатар, Үлкен және Кіші Алматы шатқалында жалпы ұзындығы шамамен 179 км болатын тау бағыттары абаттандырылуда (бүгінде 40 көрсеткіш, 24 орындық және 3 ақпараттық баған орнатылған). Аталған жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Кемпинг-аймақтарды құру бойынша да жұмыстар жүргізілуде: осы жылдың соңына дейін «Горельник», «Просвещенец», «Қызылсай», «Казачка» және «Лунная» алаңы жайластырылатын болады. Бүгінде «Қайың тоғайында» бір кемпинг-аймақ орнатылған.


Сондай-ақ, осы жылдың қараша айында «BI Group» компаниясы жалпы ұзындығы 23 км келесі тау жолдарын абаттандыру жобасының II кезеңін аяқтады:



  1. Медеу-Кімасар асуы-Фурманов шыңы-Панорама шыңы; 2. Каменское плато-Көк Жайлау;

  2. Алмарасан-Көк Жайлау.


Алматы қаласы туризм басқармасының жоспарында қалаға туристердің келуінің көрсеткіштерін арттыру көзделуде. Алматыдағы туристік ағынды қалпына келтіру үшін фокустық нарықтарда ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Алматыны онлайн және офлайн форматында ілгерілету 2022-2023 жылдары туристер ағынын ұлғайтады деп күтілуде. Айта кетейік, 2019 жылы Алматыға бір миллион турист келген. 2020 жылы пандемияға байланысты мегаполистегі ішкі туристердің саны азайып, 422 мың адамды құрады, ал 2021 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша - 501,4 мыңнан астам адам, оның ішінде шетелдік – 54,2 мың адам, ішкі туристер - 447,2 мыңнан астам адам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.