AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда түрік инвесторлары желатин өндіретін зауы...

Алматыда түрік инвесторлары желатин өндіретін зауыт салады

Әлеумет 22.07.2022, 09:50 1,772
Алматыда түрік инвесторлары желатин өндіретін зауыт салады
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Түркиядан келген инвестормен кездесті, ол - İskefe тобының орындаушы комитетінің мүшесі Серташ Ахмет Левент. Екі тарап Алматы индустриялық аймағында желатин өндіретін зауыт салуға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шетелдік компанияның жобасы Алматы қаласының Өңірлік үйлестіру кеңесінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы хаттамалық шешіміне сәйкес индустриялық аймақ қатысушыларының тізіміне енгізілген. Жобаны жүзеге асыру үшін 4,5 га жер учаскесі бөлінді. Инвестор болашақта 100-ден астам тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, зауыт құрылысына шамамен 9,8 млрд. теңге салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 7 мың тоннадан астам «Халал» стандартты желатин шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «Halavet KZ» ЖШС жобалық құжаттаманы Қазақстанның құрылыс нормалары мен стандарттарына бейімдеу рәсімін жүргізуде. Зауыт 2024 жылы ашылады деп жоспарланып отыр.




Желатин өндірісі үшін шикізат ретінде жергілікті ІҚМ терілері пайдаланылмақ, яғни ел аумағын қамту үлесі кемінде 60%-ды құрайды. Компания мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда тамақ, косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өндіру үшін желатинді тек шетелден алдыртады, сондықтан Алматыда зауытты ашу отандық өндірушілерге сапалы шикізаттың қолжетімді болуына мүмкіндік береді.


Анықтама:


«Halavet KZ» ЖШС 1957 жылы Түркияда құрылған Iskefe холдингінің құрамына кіреді және 7 тері зауытын, желатин, ақуыз, гидролизаттар, жануарларға арналған сұйық аминқышқылдарын өндіретін зауыттарды, ғылыми-зерттеу орталығы мен сынақ зертханаларын біріктіреді. Еуропа мен Азияның сауда нарығындағы сиыр желатиніне әлемдік қажеттіліктің 6%-ы  Iskefe Holding үлесіне тиесілі.


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Желатин өндірісі #зауыт #инвесторлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);