Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер...

Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды

Әлеумет 16.10.2023, 05:13 951
Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды
Сурет алматы қаласы әкімдігі

Оқушылар мен жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Рысқұлов даңғылында, «Парасат» тұрғын үй кешенінің жанында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Рысқұлов даңғылы мен Сазановская көшелерінің қиылында ортасында бөлу жолағы бар 3 жолақты көлік құралдарының қозғалысы ұйымдастырылған. Бұған дейін бұл жол қозғалысы ережесін бұзып, жолды кесіп өткен жаяу жүргіншілерге айтарлықтай қауіп төндірген.


Халықтың іргелес аумаққа көптеп қоныстануына байланысты осы жол телімінде қауіпсіз өтудің қажеттілігі туындады. Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде тұрғындар осы ауданда жер үсті өткелін орнатуды сұраған. 



Қысқа мерзімде жаяу жүргіншілер көпірін салу жобасы әзірленді, ол 2023 жылдың 2 тоқсанында басталып, қыркүйекте аяқталды. 


Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы көлік қозғалысы мен тротуар бойындағы жаяу жүргіншілердің жүрісін шектемей өте қысылтаяң жағдайда жүргізілді. 




Жаяу жүргіншілер өткелі барлық талап пен стандартқа, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып салынған. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер көпірі көтергіш құрылғымен жабдықталған, онда тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың (мүгедек арбамен жүретін) жүріс-тұрысы үшін барлық қажетті шешім қарастырылған, ал энергиямен жабдықтауда үзілістер болса апаттық тоқ генераторы қарастырылған. Бұған қоса, жаяу жүргіншілер өткелінде тактильді тақталар орнатылған.




Жаяу жүргіншілер көпірінің аралық құрылымы арка тәрізді, көпірдің тіреуішіне берік болат пайдаланылып, металл конструкциядан жасалған, бұл сейсмикалық жағдайында бүкіл құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жүргінші #Өткел #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.