ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тұрғын үйлер шілде айына дейін ПИК-тен шы...

Алматыда тұрғын үйлер шілде айына дейін ПИК-тен шығуы тиіс

Әлеумет 02.03.2022, 09:26 1,496
Алматыда тұрғын үйлер шілде айына дейін ПИК-тен шығуы тиіс
Сурет: Homsters.kz
Тұрғындар басқару органдарын құрмаса, бұл үйлер басқарусыз қалады.

Тұрғындар басқару органдарын құрмаса, бұл үйлер басқарусыз қалады.


Алматыдағы тұрғын үйлердің 50 пайызы пәтер иелері кооперативінен мүлік иелері бірлестігіне және жай серіктестікке ауысты. Қалған жартысы шілде айына дейін пәтер иелері кооперативінен шығуы тиіс. Бұл туралы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Алайда басқарудың бұл түрінен бас тарту кезеңі оңайға соқпайды. Себебі халық арасында мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктің аражігін ажырата алмайтындар жетерлік дейді басқарма өкілдері. Осы орайда жауапты мамандар халықты толғандырған сұрақтарға жауап беру үшін бүгін Ашық есік күнін ұйымдастырды. Олар діттеген мақсатқа жету үшін жазға дейін белсенді түрде түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз деп отыр.  



«Халыққа көмек, түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін осы шара өткізіліп отыр. Шілдеден бастап ПИК-тер заңға сәйкес жойылуы керек. Соның бәрін жеткізіп жатырмыз. Ертең ПИК жойылса, тұрғындар басқару органдарын құрмаса, бұл үйлер басқарусыз қалады», - деді тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Жандос Қайырханов. 



Ал тұрғындар заңнамада көрсетілген ережелер қарапайым халыққа түсініксіз дейді. Оның үстіне үйреншікті басқару түрінен ауысу талабын көпшіліктің қабылдауы да қиын. Ал түсіндірме жұмыстары түйткілді мәселелерді шешуге көмектесетінін айтады.  



«Біз өзіміз мүлік иелері бірлестігін құрдық. Мен басқарамын. Бірақ құжаттардың кейбірін әлі реттей алмай жатырмыз. Сұрақтарға жауап алып, көршілеріме де барлығын түсуіндіру үшін келдім», - деді қала тұрғыны Анар Бейсембаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.