AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Тұрғын үй" жедел алдын алу іс-шарасы аяқ...

Алматыда "Тұрғын үй" жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды

Барлығы 23.07.2025, 11:40 831
Алматыда "Тұрғын үй" жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды
Сурет: Polisia.kz

Қалада отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған адамдарды бақылау мақсатында "Тұрғын үй" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдарында келесі санаттар бойынша есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексерді: қорғау ұйғарымы, ерекше талаптар, маскүнем, нашақор, қолайсыз отбасы. 

-Іс-шараның мақсаты – қайталама және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға мақсатты көмек көрсету. Полиция қызметкерінің басты міндеті - құқық бұзушылықтың алдын алу, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Тексеру барысында қаланың шағын аудандарының бірінде полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдікті жүйелі түрде асыра пайдалану және қорғану ұйғарымының шарттарын бұзғаны үшін есепте тұрған азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оған заңнамадағы өзгерістер мен тұрмыстық құқық бұзушылықтардың салдары түсіндірілді. Сондай-ақ басқа бір есепте тұрған адамның ерекше талаптарды бұзғаны анықталып, оған қатысты сот 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады. Отбасы-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұрғын үй #жедел алдын алу #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);