AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда түнгі қарақшы құрықталды

Алматыда түнгі қарақшы құрықталды

Заң мен тəртіп 20.02.2025, 12:04 1,126 dulatbekova
Алматыда түнгі қарақшы құрықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының Медеу ауданында полиция қызметкерлері әйелге шабуыл жасаған қарақшыны жедел анықтап, ұстады.

Қылмыс көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде орын алған, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Белгілі болғандай, ер адам тәуліктік жалға пәтер алу сылтауымен риэлтормен кездескен. Екеуі оңаша қалған сәтті пайдаланып, күдікті әйелді қорқытып, күш қолданамын деп сес көрсеткен. Ол жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алып, кейін жолдан өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, оқиға орнынан ізін суытқан.

 - Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тез арада анықталып, құрықталды. Қазір ол уақытша қамауда отыр, – деп мәлімдеді Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің басшысы Елдос Бақбергенов.

Тергеу мүддесіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Сонымен қатар ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлімінің 1-тармағына және ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін кез келген азамат кінәсіз деп танылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қарашы #ұрлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);