ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тұмау жұқтырғандар саны күрт көбейді

Алматыда тұмау жұқтырғандар саны күрт көбейді

Әлеумет 24.11.2021, 14:33 1,276
Алматыда тұмау жұқтырғандар саны күрт көбейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Биыл тұмауға қарсы ресейлік вакцинаның 130 000 дозасы сатып алынды

Биыл тұмауға қарсы ресейлік вакцинаның 130 000 дозасы сатып алынды


Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде мегаполис тұрғындарын КВИ жаңа нұсқаларының таралу циркуляцияясының  аясында тұмаудың таралу қаупіне аса байыпты қарауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 Алматыда ЖРВИ-мен ауырудың маусымдық өсуі байқалады. Өткен аптада ЖРВИ-дің 12 479 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 613,34-ті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3,7 есеге жоғары. Жаңа эпидемиялық маусым басталғалы 1 қазан мен 17 қараша аралығында ЖРВИ-дің 73 731 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, AH3N2 тұмауының 13 жағдайы тіркелді.


Дәрігерлер аурудың 60,6 пайызы балалар арасында таралған деп есептейді, кәмелетке толмағандар арасында барлығы 7557 жағдай тіркелген.  Мегаполистің медициналық мекемелеріне ЖРВИ-мен ауыратын 680 науқас жатқызылды, оның ішінде 20 жүкті әйел, бір жасқа дейінгі 211бала бар. 216 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 51 бала және бір жасқа дейінгі 26 бала.


Бақытжан Сағынтаев ЖРВИ, тұмау және пневмонияның таралуына байланысты жағдайдың қиындай түскенін ескеру қажет деп есептейді. Әкім барлық алматылықтарды бұрын енгізілген барлық профилактикалық шараларды, соның ішінде бетперде режимін қатаң сақтауға шақырды. Бұл ретте әрбір тұрғын адам көп жиналатын орындарға баруды азайтуы керек. Ал, коронавирустық инфекция мен тұмауға қарсы екпе алмағандар өздерін және жақындарын қорғауға асыққандар жөн. Оның үстіне, мегаполисте бұл үшін барлық жағдай жасалған.


15 қыркүйектен бастап Алматыда жергілікті бюджет есебінен қатерлі топтағы (медициналық қызметкерлер; медициналық ұйымдардағы медициналық бақылаудағы балалар; алты айдан асқан жиі ауыратын балалар; жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары. ; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; балалар үйінің тәрбиеленушілері; медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызметтерін алушылар; жүктіліктің 2 немесе 3 триместріндегі жүкті әйелдер; жүрек-қантамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) адамдарды тұмауға қарсы егу жұмыстары басталды.



Вакцинация халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар аурудың асқынуынан және өлім-жітімді айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. Биыл ресейлік тұмауға қарсы үш валентті «Гриппол плюс» вакцинасының  130 000 дозасы сатып алынды.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.