ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда туберкулез жұқтырғандар азайды

Алматыда туберкулез жұқтырғандар азайды

Алматы 16.01.2026, 16:29 195
Алматыда туберкулез жұқтырғандар азайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласының туберкулезге қарсы қызметінің 2025 жылы 12 айдағы жұмысының қорытындысы бойынша барлық негізгі  көрсеткіші орындалды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау...

Алматы қаласының туберкулезге қарсы қызметінің 2025 жылы 12 айдағы жұмысының қорытындысы бойынша барлық негізгі  көрсеткіші орындалды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас фтизиатры Жанар Сапиева ҚДСБ басшысы Марат Пашимовтың және қаланың медициналық ұйымдары өкілдерінің қатысқан кезекті жұмыс кеңесінде мәлімдеді.

Алматыда туберкулезбен аурушаңдық пен одан болатын өлім-жітімді төмендету бойынша тұрақты оң динамика тіркелді. Аурушаңдық 15,9%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 18,0 жағдай болды, ал 2024 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 21,5 болған. 

Балалар арасында да оң өзгерістер байқалады. 

Балалардағы туберкулезбен аурушаңдық 2,2%-ға төмендеп, 100 мың балаға шаққанда 4,4 көрсеткіш болды

Туберкулезді емдеудің тиімділігі жоғары деңгейде сақталып отыр, бұл көрсетілетін медициналық көмектің сапасын және пациенттердің емге деген жоғары бейілділігін айғақтайды.

Емге бейілділікті арттыру мақсатында амбулаториялық кезеңде пациенттерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен ай сайын 12 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, қалада жыл сайын «Туберкулез» гранты бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асырылып, оның аясында үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік осал топтағы адамдарға көмек көрсетеді.

Тұрақты нәтижеге қол жеткізуде Алматы қаласы ҚДСБ-ның Фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау бөлімі маңызды рөл атқарады. 2025 жылы 155 мониторинг және 42 қашықтан мониторинг жүргізілді.

Сонымен қатар, медициналық мамандардың біліктілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. 2025 жылы 12 айда қаланың медициналық ұйымдарында жұмыс істейтін 835 медицина қызметкері, оның ішінде дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері оқытудан өтті.

Кешенді тәсіл, күшейтілген бақылау және пациенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау Алматы қаласына туберкулезбен күресте маңызды нәтижелерге қол жеткізуге және негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақты төмендеуін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмектің сапасын мониторингтеу және бағалау нәтижесі, сонымен бірге Алматы қаласының БМСК жастар денсаулық орталықтарының қызметі туралы есеп тыңдалды.

Қатысушылар сақтандырылмаған азаматтар мен нозологиялар бойынша медициналық ұйымдар кескініндегі жағдайды талдауға ерекше назар аударды.
Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы мемлекеттік емханалардың call-орталықтарының жұмысы, оның ішінде қоңырау шалу қолжетімділігі, кеңес беру сапасы және тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беру жайы қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.