ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал...

Алматыда туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты 

Әлеумет 22.02.2022, 10:17 1,443
Алматыда туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты 
almaty-akshamy.kz
Соңғы бес жылда мегаполисте туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 34%-дан астамға төмендеді. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қалалық қоғамдық...

Соңғы бес жылда мегаполисте туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 34%-дан астамға төмендеді. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сәпиева мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Спикердің айтуынша, қалада сырқаттанушылықтың төмендеу динамикасы байқалады, ал негізгі көрсеткіштер орташа республикалық көрсеткіштерден төмен. Егер 2017 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда аурудың 35-тен сәл артық жағдайы тіркелсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 23-ке жетті. Сонымен қатар, соңғы 5 жылда өлім көрсеткіші 63,8%-ға төмендеді.


Фтизиопульмонология орталығында талдау жүргізілді, ол аурудың төмендеуінің негізгі себебі пандемиямен байланысты шектеулер кезеңінде қаланың іргелес аймақтарынан келген ішкі мигранттар арасында туберкулез жағдайларын анықтаудың күрт төмендеуі екенін көрсетті. Мәселен, егер 2019 жылы ішкі мигранттар арасында анықталған туберкулез оқиғаларының саны 168 адамды құраса, 2020 жылы – 58 жағдай, 2,5 есе азайды. Жанар Сәпиева Алматыда жыл сайын амбулаториялық емдеумен қамтудың ұлғайып келе жатқанын айтты.



«Күн сайын 8 мобильді топ мүмкіндігі шектеулі, егде жастағы және жас балалары бар әйелдер арасында үйде бақыланатын ем жүргізу үшін жеке автокөлікпен шығады», - деп хабарлады орталық директоры.



Ж. Сәпиева барлық науқастар емдеу курсы аяқталғанға дейін жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында 35 мың теңге көлемінде жәрдемақы алатынын айтты. Биыл әлеуметтік көмек көлемі 6,6%-ға өсті, қазіргі уақытта 830 пациент көмек алуда.


Алматы қаласында туберкулезбен күрес айлығы туралы айта келе, Жанар Сәпиева 40-тан астам медициналық мекемеде ашық есік күндері ұйымдастырылатынын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.