AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда трансұлттық қылмыстық топтың әрекеті тоқт...

Алматыда трансұлттық қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды

Заң мен тəртіп 24.03.2023, 11:22 978
Алматыда трансұлттық қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды
Сурет: Polisia.kz

Сегіз тонна синтетикалық есірткі өндірісіне жол берілмеді.


ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. .


Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттарды өндіру үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді. Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін “арнайы жүк” бүкіл маршрут бойы бақылауда болды. Оған әуе арқылы барлау да қолданылды. Өткен жылдың қазан айында арнайы операцияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ ағымдағы жылдың наурыз айында прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды.


Операцияның соңғы кезеңінде 21 наурыз күні Алматыда осы іс бойынша қалған фигуранттар – көршілес елдердің екі азаматы және қазақстандық құрықталды. Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электрондық таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді. Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды, яғни синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықты тәркіледі. Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі 72,7 тонна.


Осылайша 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл - 8 миллион бір реттік доза. Күдіктілерді ұстаудың алдында прокуратурамен келісілген арнайы жедел-іздестіру және техникалық іс-шаралар кешені жүргізілді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. ІІМ синтетикалық есірткі өндірілгенге дейін прекурсорларды жою жұмысын жалғастыруда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #қылмыс #жолын кесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);