ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда төрт онлайн казино жабылды

Алматыда төрт онлайн казино жабылды

Заң мен тəртіп 26.07.2024, 08:52 907
Алматыда төрт онлайн казино жабылды
Сурет: Dubna.ru
Қыркүйектен бастап букмекерлер мен тотализаторларды жарнамалауға ресми түрде тыйым салынады.

Қыркүйектен бастап букмекерлер мен тотализаторларды жарнамалауға ресми түрде тыйым салынады.

Мегаполисте заңсыз ойын бизнесі бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасының басшысы Сәкен Қондыбаев мәлім етті.

Спикер Экономикалық тергеу департаментінің басым міндеттерінің бірі заңсыз ойын бизнесімен күрес екенін атап өтті.

«Заңның 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдарын Алматы облысында (Қапшағай) және Ақмола облысында (Щучье ауданы) орналастыруға болады. Басқа жерлерде ашу заңсыз деп танылады», - деді Сәкен Қондыбаев.

Айтуынша, заңсыз жұмыс істеген 4 онлайн казино мен бір ойын залы жабылды.

«Былтыр заңсыз құмар ойын ұйымдастыру ісі бойынша 14 факті анықталды. Ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - дейді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы.

Сонымен қатар, ол сала мамандары қазір Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң аясында жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді. Мәселен, қыркүйектен бастап букмекерлер мен тотализаторларды жарнамалауға ресми түрде тыйым салынады. Олар тек спорт ғимараттарында, спортшылар киімі мен халықаралық жарыстарда ғана жарнама жасай алады. Бірақ 21 жасқа толмағандар, борышкерлер, мемлекеттік, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бюджеттік компания басшылары бәс тіге алмайды.

«Лотерея қызметін реттеу тетіктері жаңартылған. Нақтырақ айтқанда, тұрғын үйлерде, жатақханаларда, мәдени ұйымдардың ғимараттары мен әлеуметтік нысандарда, білім беру, денсаулық сақтау сондай-ақ 100 метр қашықтықта лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынған», - деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.